• Мое избранное

Отправить по почте

4

Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы N 205-IV Заңы

Мәскеуде 2008 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісім ратификациялансын.
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып,
Кеден одағы комиссиясының хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың 11-бабына сәйкес Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс органы болып табылады. Хатшылық қызметін ұйымдастыру Комиссия бекітетін регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
лауазымды адамдар — Тараптар кеден одағының жоғары органының (бұдан әрі - кеден одағының жоғары органы) функцияларын орындаған кезде олардың әрқайсысы үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі белгілеген лауазымдар квоталарына сәйкес Тараптардың ұсынысы бойынша Комиссия бекітетін адамдар;
қызметкерлер - Хатшылықтың құрылымдық бөлімшелерінде мамандар ретінде жұмыс істейтін адамдар;
техникалық және қызмет көрсетуші персонал - Хатшылықтың жұмысына қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындау үшін жалданатын адамдар (жүргізушілер, техника жөндеуді, үй-жайды жинауды жүзеге асыратын және өзге де техникалық функцияларды орындайтын адамдар);
отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және асырауындағы адамдар.
1. Хатшылық кеден одағының жоғары органының, Комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыруды және оларды ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
а) кеден одағын қалыптастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі мәселелер бойынша, оның ішінде халықаралық шарттарды жасасу мен өзгерту бойынша кеден одағының жоғары органы мен Комиссияның қарауы үшін материалдар, шешім жобалары мен ұсынымдар дайындау;
б) Тараптардың кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың ережелерін сақтауын, кеден одағының жоғары органы мен Комиссия қабылдаған шешімдерді орындауын мониторингілеу;
в) Тараптардың әрқайсысының сыртқы экономикалық қызметті реттеу саласындағы заңнамасын мониторингілеу және талдау;
г) кеден одағын қалыптастыру және бірыңғай кеден аумағын құру үшін қажетті халықаралық шарттардың жобаларын және өзге де құжаттарды дайындау;
д) Тараптардың мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
е) Комиссияның шығыстар сметасының жобасын әзірлеу және оны орындау, оның атқарылуы туралы есептер жобаларын дайындау;
ж) кеден одағының шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың депозитарийінің функцияларын Комиссияның орындауын қамтамасыз ету;
з) кеден одағының жоғары органы немесе Комиссия белгілеген және олардың жұмысын ұйымдастыруға және ақпараттық техникалық қамтамасыз етуге бағытталған өзге де функциялар.
1. Хатшылықты Комиссияның жауапты хатшысы (бұдан әрі - жауапты хатшы) басқарады, оның жауапты хатшыны тағайындаған Тараптан басқа Тараптардың әрқайсысынан бір-бірден орынбасары болады.
2. Комиссия жауапты хатшыны және оның орынбасарларын Тараптардың ұсынысы бойынша бекітеді және Тараптар арасында жауапты хатшының лауазымын ротациялау қағидатын ескере отырып, қызметтен босатады. Жауапты хатшының лауазымын ротациялау тәртібін Комиссия айқындайды.
3. Жауапты хатшы Комиссияның және кеден одағы жоғары органының отырыстарына қатысады.
4. Жауапты хатшыға Комиссияның шешімімен белгіленген тәртіппен Комиссияның қаржылық және материалдық құралдарына билік ету, азаматтық-құқықтық шарттар жасасу, сотта шығып сөйлеу жөніндегі өкілеттіктері берілуі мүмкін.
5. Хатшылықтың құрылымдық бөлімшелері - департаменттері болады. Хатшылық департаменттерінің саны және олардың штат саны кеден одағы жоғары органының шешімімен айқындалады.
Хатшылықтың қызметін қаржыландыру Комиссиядағы Тараптарға берілген дауыс санына бара-бар енгізілетін Тараптардың үлестік жарналары есебінен қалыптастырылатын Комиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
1. Хатшылықтың персоналы лауазымды адамдар мен қызметкерлерден тұрады.
Хатшылықтың лауазымды адамдарына жауапты хатшы және оның орынбасарлары, департаменттердің директорлары мен олардың орынбасарлары жатады.
2. Департаменттердің директорларын және олардың орынбасарларын Комиссияның қызметін қаржыландыруға Тараптардың үлестік жарналарын ескере отырып, Тараптардың ұсынымы бойынша квоталық негізде Комиссия ұзартылуы мүмкін 3 жыл мерзімге бекітеді және олар қызметтен Комиссияның шешімімен босатылады.
3. Хатшылыққа жұмысқа қабылданатын лауазымды адамдармен Комиссия төрағасы Комиссия атынан 3 жыл мерзімге еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) жасасады.
4. Хатшылыққа жұмысқа қабылданатын лауазымды адамдар мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
лауазымдық міндеттеріне сәйкес келетін кәсіби даярлығының (біліктілігінің), сондай-ақ міндеттер бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
5. Хатшылықтың қызметкерлері Тараптардың азаматтары болуы және иеленетін лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі тиіс.
Қызметкерлер Комиссияның атынан жауапты хатшы жасайтын еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) негізінде жұмысқа 3 жылға дейінгі мерзімге қабылданады.
6. Хатшылықтың техникалық және қызмет көрсетуші персоналы Комиссияның атынан жауапты хатшы жасайтын еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) негізінде жұмысқа қабылданады.
Хатшылықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлері халықаралық қызметшілер болып табылады. Өздерінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде олар Тараптардың мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарынан тәуелсіз болады және олардан нұсқау сұрата алмайды немесе нұсқау ала алмайды.
Тараптардың әрқайсысы Хатшылықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің мәртебесін құрметтеуге және олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде оларға ықпал жасамауға міндеттенеді.
Хатшылықтағы жұмыс кезеңінде оның лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің ғылыми, шығармашылық немесе оқытушылық қызметті қоспағанда, жеке пайдасының немесе өзге тұлғалар пайдасының мүддесінде коммерциялық немесе кез келген басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.