Toggle Dropdown
Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қараша N 1762
Toggle Dropdown
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. 1999/2000 оқы жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау жүргізілсін.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министр
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
22 қарашадағы
N 1762 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан мектеп жасына дейін білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және өзге де білім мекемелерінде 5-6 жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау (бұдан әрі - Мектеп алдындағы даярлау) мәселелерін реттейді.
Toggle Dropdown
2. Отбасында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында немесе жалпы білім беретін мектепте мектеп алдында даярлау "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мектепке дейін білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектепте мектеп алдындағы даярлаудың негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) балаларды мектепке даярлау;
Toggle Dropdown
2) балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту;
Toggle Dropdown
3) балалардың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық;
Toggle Dropdown
4) оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзеу;
Toggle Dropdown
5) баланың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер бес-алты жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлауды қамтамасыз етуге міндетті.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік білім мекемелерінде мектеп алдындағы даярлау тегін
болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
бюджеттен қаржыландырылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мектеп алдындағы сыныптары мен
топтарында әлеуметтік көмекті қажет ететін тәрбиеленушілердің мүдделері
міндетті түрде ескеріледі.
7. Мектеп алдындағы даярлау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ Мектеп
алдындағы даярлауға байланысты оқыту-әдістемелік мәселелерді Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретінің шегінде Қазақстан
Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы айқындайды.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.