• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 14.04.2010 күші жойылды

Отправить по почте

2

Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 25 шілде N 1006

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (25.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 25 шілдедегі N 1006
 қаулысымен бекітілген
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен  
  орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған  
  Бағдарламасы 
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен  
  орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған  
  бағдарламасының төлқұжаты 
Бағдарламаны даярлаудың       Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Бағдарламаның мемлекеттiк     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық 
Бағдарламаның негiзгi         Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық 
Бағдарламаның мақсаттары      Бұрынғы уран шығарған кәсiпорындардың 
Бағдарламаның негiзгi         "Уранликвидрудник" республикалық 
Қазақстан аумағындағы уран кен орнын барлау және жедел iздестiру қырқыншы жылдардың ортасында басталған болатын және 1951 жылы аяқталды, мұнда алғашқы өндiрiстiк кен орны ашылды. Одан кейiн, бiрнеше кен орындары ашылды. Осылардың негiзiнде 3 комбинат құрылды, олар уран кендерiн өндiредi және қайта өңдейдi. Атап айтқанда: Оңтүстiк Қазақстанда - Қырғыз тау-кен комбинаты (1953 ж.), Солтүстiк Қазақстанда - Тың тау-кен химиялық комбинаты (1957 ж.), Батыс Қазақстанда - Каспий тау-кен металлургия комбинаты (1959 ж.). 
Соңғы қырық жыл iшiнде Қазақстанда 20 уран шығаратын кен орындары (6) белгiлi болды. Осы жыл аралығында бұрынғы КСРО уранының 40 пайызы өндiрiлдi. 1992 жылы Қазақстан уран өндiруден 3-шi орын (Канада және Нигериядан кейiн) және жалпы уран өндiру ауқымынан 7-шi орынды алды. Осындай кен ауқымды тау-кен жұмыстарын жүргiзуде уран кен орындарының атқарған жұмыстары ауқымды болды: жалпы алаңдары уран өндiретiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарының әсер етуi қазiргi жағдайда былай бағаланады: 10 000 га, жалпы әсерi - 250 000 Ки, 50-шi жылдан бастап Қазақстан аумағында 170 млн. ш.м. жуық радиоактивтi қалдықтар жинақталды, бұлар кен байыту фабрикалары түрiнде жұмыс iстедi. Гидрометаллургиялық зауыттар өз қалдықтарын және тауар рудаларын тиiстi жерлерге көмудi (сақтауды) жүргiздi. 
Осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгi алда тұрған ауқымды жұмыстарға баға берiп, уран өндiрiлетiн аудандардағы радиациялық жағдайларды қалпына келтiруге себеп болады. Осы мақсатта оларға зерттеу жұмыстарын жүргiзу және баға беруде атқарылатын жұмыстардың мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен бiрге талап етiлетiн қаржы қаражаты көзделдi. 
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен әзiрлендi. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығы заңдық негiзi болып табылады (N 4153 16.11.98 ж.), мұның 1.2-бөлiгiнде былай делiнген: 
Кен алынған қабаттарды және радиоактивтік кен өндіру мен ұқсату жөніндегі кәсіпорындардың қалдық сақтау орындарын зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейді. 
Радиоактивтiк қалдықтарды көму үшiн жағдайдың жоқтығынан олардың жинақталу процесi жалғасуда, сәуле шығаратын көздердiң ұрлануымен, жоғалуымен және пайдаланылмауымен байланысты радиациялық авариялар саны өсуде. 
Бағдарлама 2001-2010 жылдар кезеңiн қамтиды. Мұнда ТАСIS желiсi бойынша соңғы жылдардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды, яғни орындалатын жұмыстар, сондай-ақ геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарымен шұғылданатын кәсiпорындардың атқарған жердi өңдеу жұмыстарының және осы маңайды сақтау жобаларды қарастырылды.
1 Кесте. Аймақтар бойынша уран кен орындары объектілерін