Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 шілдедегі
№ 851 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Техникалық пайдалану мынадай процестерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) техникалық қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
2) ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшуға жарамдылықты нормаларының және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылау.
Toggle Dropdown
3. ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Жөндеу әуе кемесінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ұшуға жарамдылық нормаларында анықталатын ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру процесін қамтиды.
Toggle Dropdown
5. Әуе кемелеріне және олардың компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Азаматтық авиация авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру ережесіне сәйкес сертификатталған ұйым орындайды. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі және 55-бабына сәйкес танылған және шетел мемлекеті берген куәлігі бар авиациялық персонал жүргізеді.
Toggle Dropdown
6. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Toggle Dropdown
7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде оларды жасап шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіруші құжаттары (формулярлар, паспорттар, заттаңбалар, пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттар, дәлме дәл көшірмелер) жоқ агрегаттарды, жинақтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
8. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөніндегі ұйымда оған сертификаттау және сертификат беру Қағидасына сәйкес сертификат беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган растайды.
Toggle Dropdown
9. Шетелдік мемлекеттердің авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдарына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган олардың сертификаттарын танығаннан кейін техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
10. Авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін орындалатын жұмыстардың көлеміне және күрделілігіне байланысты енгізеді.
Toggle Dropdown
11. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында нұсқаулықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесін ұшуға даярлау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде ұшуға жарамдылығын (ақаусыздығын, жұмыс қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
Toggle Dropdown
3) ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету – әуе көлігінің жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелеріне ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Toggle Dropdown
4) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігімен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі;
Toggle Dropdown
5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетудің желілік станциясы – Қазақстан Республикасының аумағында кемінде үш ай мерзімге авиациялық техникаға (бұдан әрі - АТ) техникалық қызмет көрсетудің негізгі базасы орналасқан әуежайынан тыс құрылатын АТ-ға техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның бөлімшесі;
Toggle Dropdown
6) әуе кемесінің түрленуі – әуе кемесі оның конструкциясының немесе компонентін дайындау технологиясының кез келген өзгерісі;
Toggle Dropdown
7) жедел техникалық қызмет көрсету – әуе кемелерін ұшуға дайындау үшін техникалық қызмет көрсету жөніндегі орындалатын жұмыстар;
Toggle Dropdown
8) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оларды (бұдан әрі АТҚЖ) жөндеу ұйымы - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
9) мерзімді техникалық қызмет көрсету – күрделілігі бойынша жедел техникалық қызмет көрсетудің өлшемдеріне және оларды орындау шарттарының талаптарына сәйкес келмейтін техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;
Toggle Dropdown
10) ұшуға жарамдылықты ұстау - олар арқылы әуе кемесінің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды қызметтік пайдалану мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану үшін қажетті жәй - күйде ұстау қамтамасыз етілетін шаралар кешені;
Toggle Dropdown
11) жөндеу – ұшуға жарамдылығының тиісті нормаларында анықталатын әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру;
Toggle Dropdown
12) пайдалану (жөндеу) құжаттамасы – әуе кемесін жасаушы әзірлейтін және әуе кемелерін пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсетудің және оларды жөндеудің ұйымдастырушылық, нормативтік, техникалық және өзге де қағидасын белгілейтін құжаттама;
Toggle Dropdown
13) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау Қағидасына және сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
Toggle Dropdown
15) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификат - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.
Toggle Dropdown
12. Авиациялық техниканы техникалық пайдалану ұшулардың инженерлік-авиациялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ТҚКЖ жөніндегі ұйым немесе авиациялық персонал жүргізеді.
Toggle Dropdown
13. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) авиакәсіпорындардың жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелеріне қажеттіліктерін уақтылы, толық және сапалы қанағаттандыру;
Toggle Dropdown
2) пайдалану құжаттамасында қойылатын, АТ-ны мақсаты бойынша тиімді және қауіпсіз пайдалану талаптарын, техникалық шарттарын және кепілдіктерін орындау.
Toggle Dropdown
14. ТҚКЖ жөніндегі ұйым мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) жедел техникалық қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
2) АТ ТҚКЖ (соның ішінде – АТ-тың ресурсын қалпына келтіру), пайдалану және оларды жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес - оны жетілдіруді, тексерулер мен байқауларды, АТ-тың сапасын және оның ТҚКЖ ұйымдастыру және орындау;
Toggle Dropdown
3) авиациялық техниканың ұшуда және жерде анықталған тоқтап қалулары мен ақаулары туралы деректер жинау, есепке алу және өңдеу;
Toggle Dropdown
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз қызметін жетілдіру мақсатында авиациялық инциденттердің, АТ істен шығуы мен ақауларын алдын алу жөніндегі іс-шаралармен бірге авиациялық техниканың сенімділігін талдау, техникалық пайдалану тәжірибесін, оның ТҚКЖ талдау және қорыту
Toggle Dropdown
5) жарнамалық - талап жұмысын жүргізу, АТ Жеткізушілерге олардың өнімдерінің кемшіліктерін жою туралы талаптар қою;
Toggle Dropdown
6) ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін бақылау;
Toggle Dropdown
7) оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ӘК күзетілуін қамтамасыз ету;