Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңының 6 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен танылатын қор биржаларының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4402
Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 02.09.2007. № 05-02/205 Бұйрығымен. (08.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңының 6 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын қор биржаларының тізбесі бекітілсін:
1) "Мәскеулік банкаралық валюталық биржасы қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы;
2) "Ресейлік Сауда Жүйесі" Қор биржасы" ААҚ;
3) "Алғашқы қор сауда жүйесі" Қауымдастығы;
4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ;
5) «Баку қор биржасы» ЖАҚ;
6) «Белоруссия валюталық-қор биржасы» ААҚ.
Сонымен бірге, Агенттікпен Бүкіләлемдік Биржалар Федерациясының мүшелері болып табылатын (World Federation Exchanges), корреспондент мүшелер мен аффилиирленген мүшелерден басқа, және Лондон қор биржасының Баламалық инвестициялар нарығы (AIM London Stock Exchange) танылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 02.09.2007 № 05-02/205 Бұйрығымен, өзгертілді ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 27.07.2010 № 04.2-40/121 Бұйрығымен (08.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Агенттiгiнiң тiркеу Департаментiне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарларына жеткiзiлсiн.
4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгiнiң Төрағасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |