Toggle Dropdown
Осы редакция 03.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 864 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 қыркүйектегі
N 864 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін (бұдан әрі - тариф) қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес концессия шарттары бойынша өз қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - концессия субъектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тарифтің шығын бөлігі - тарифті және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнын және кезең шығыстарын (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) қамтиды;
Toggle Dropdown
2) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласында концессия субъектісі ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
3. Ереже реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын және өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын концессия субъектілеріне қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Концессия шартында айқындалған концессия жобасының өтелімділігі кезеңінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер салынған қаражаттың қайтарылуын ескере отырып қалыптасады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте концессия шартында айқындалған концессия жобасы өтелімділігінің мерзімі аяқталғаннан кейін концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер салынған қаражатты ескерместен қалыптасады.
Toggle Dropdown
5. Тарифтерді қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді қалыптастыру кезінде шығындар осы Ереженің талаптары ескеріле отырып енгізіледі. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Есеп саясатын концессия субъектісі оны уәкілетті органмен келіскеннен кейін қабылдайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері пайдалануға берілген концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер қалыптастыру тәртібі
Toggle Dropdown
6. Концессия субъектісінің тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін шығындар түрлерін және концессия субъектісінің шығыстар деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі - материалдық ресурстар) шығысының техникалық және технологиялық нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алудың нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып анықталады.
Toggle Dropdown
8. Концессия субъектісіне мемлекеттік бюджеттің қаражатынан бөлінетін субсидия, шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, тарифтің шығын бөлігін кемітуге қарай ескеріледі.
Toggle Dropdown
9. Аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтерге және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарына, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын өндірістік сипаттағы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын басқа да қызметтерге арналған шығыстар тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.
Toggle Dropdown
10. Уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі. Концессия субъектісі:
Toggle Dropdown
өңірлік және (немесе) жергілікті деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі;
Toggle Dropdown
жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі;
Toggle Dropdown
табиғи газды таратушы құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді;
Toggle Dropdown
су шаруашылығы жүйесі қызметтерін көрсеткен жағдайда тарифтің шығын бөлігінде уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органымен бірлесіп бекіткен инвестициялық бағдарлама (жоба) болған кезде нормативтен тыс ысыраптардың құны қызметті сату көлемінен 0,8 пайыз мөлшерінде ескеріледі.
Toggle Dropdown
11. Концессия субъектісі негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы мен күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағыттайтын қаражаттар уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып, тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.
Toggle Dropdown
12. Шығындарға енгізілетін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары концессия субъектісі персоналының нормативтік санынан және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында көзделген тұтыну бағасы индексінің болжамды өзгеруі есебімен қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
Toggle Dropdown
Шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары концессия субъектісі персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
Toggle Dropdown
Ереженің осы тармағында көрсетілген персоналдың нормативтік санын уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен бекітеді.
Toggle Dropdown
Концессия субъектісі басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгізілетін концессия субъектілері әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес концессия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысының 15 еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара салмағы негізінде лимиттеледі.
Toggle Dropdown
Еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайларына қосымша ақы және үстемеақы төлеуге байланысты шығыстар осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген шығыстарды қоспағанда, тарифтерді қалыптастырған кезде ескеріледі.
Toggle Dropdown
Сыйлықақы беру және жалақыға берілетін сыйақылардың басқа да түрлерінің шығыстары тарифтің шығын бөлігіне енгізілмейді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган осындай немесе ұқсас қызмет түрімен айналысатын концессия субъектілеріне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негізінде, сондай-ақ концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемі қысқарған жағдайда тарифтерге енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын төмендету немесе көтеруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
13. Тарифке тікелей (біркелкі) әдіс бойынша есептелген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары енгізіледі. Уәкілетті органмен келісім бойынша амортизациялық аударымдарды есептеудің өзге де әдістерін қолдануға болады.
Toggle Dropdown
14. Уәкілетті орган концессия субъектісіне негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуді келіседі.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган концессия субъектісі негізгі құралдарға қайта бағалауды жүргізгеннен кейін тарифтің шығын бөлігіне амортизациялық аударымдардың ұлғаюын кезең-кезеңмен енгізуі мүмкін.
Toggle Dropdown
15. Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, концессиялық жобаларды, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.
Toggle Dropdown
16. Қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкаларға, ақы төлеу тәртібі мен шарттарына сәйкес анықталады.
Toggle Dropdown
17. Кезең шығыстарында заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессия субъектісінің концессиялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражатына сыйақы төлеу шығыстары ескеріледі.
Toggle Dropdown
Концессиялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 есе ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
Toggle Dropdown
Концессиялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары Лондон банкаралық нарығының 4 есе ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
Toggle Dropdown
Шетел валютасында алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің шығын бөлігіндегі кезең шығыстарында ескеріледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық нарығының ставкасы концессия субъектісінің тарифін және тарифтік сметасын бекітуге өтінім берілген күнге қолданылады.
Toggle Dropdown
18. Кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлерінің, салықтардың, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкаларға, ақы төлеу тәртібі мен шарттарына сәйкес айқындалады.