Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1568 Қаулысы
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1568 қаулысымен
бекітілген
Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі