"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 16 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 05.12.2017 жылғы № 809 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 16 қаулысымен бекітілген
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):
1) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру;
2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
2. Техникалық регламент кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі - объектілерді) қорғауға арналған өрт техникасын орналастыруға және оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ оның тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі ұғымдар қолданылады және тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қосымша пайдаланылады:
1) өрт сөндірушінің әскери киімі - өрт сөндірушінің судан және беттік-белсенді заттардан қорғауға арналған киімі;
2) жауынгерлік есеп - нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттері бар өрт машинасындағы жеке құрам;
3) сорғыш өрт түтік құбыры (сорғыш түтік құбыр) - суды өрт сорғысының көмегімен су көзінен алуға арналған қатты құрастырмалы өрт түтік құбыры;
4) сорғыш өрт торы (сорғыш тор) - сорғыш желінің өздігінен босауын болдырмайтын және оған бөтен заттардың түсуін болдырмайтын құрылғы;
5) жылжымалы өрт сатысы - арқандық тарту әсерінен бірнеше телескоптық жылжитын иіндерден тұратын, өрт бөлімшесінің жеке құрамын ғимараттардың екінші және үшінші қабаттарына, үй-жайлардың шатыры мен төбесіне көтерілуі үшін, өрт кезінде ғимарат ішінде (залдарда) жұмыс істеу үшін, сондай-ақ оқу-жаттығу жұмыстарына арналған өрт қол сатысы;
6) орташа еселікті көбік генераторы (көбік генераторы) - көбік түзгіш су ерітіндісінен орташа еселікті ауа-механикалық көбікті алу және оны өрт ошағына беруге арналған құрылғы;
7) тыныс алу аппараты - тыныс алу және көру органдарын өрт сөндіру және аварияларды жою кезінде дем алу үшін зиянды уытты және түтіндеген газ ортасының әсерінен қорғауға арналған аппарат;
8) жылулық өрт хабарлағыш - температураның бегілі бір маңызына және (немесе) оның өсу жылдамдығына ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
9) түтіндік өрт хабарлағыш - жанудың аэрозольді өнімдеріне ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
10) оптикалық өрт хабарлағыш - хабарлаушының электромагниттік сәулеленуді жұлуы немесе таратуына қарай жану өнімдерінің әсері нәтижесінде іске қосылатын түтіндік өрт хабарлағышы;
11) радиоизотоптық өрт хабарлағышы - хабарлаушының жұмыс камерасының иондаушы тоғына жану өнімдерінің әсері нәтижесінде іске қосылатын түтіндік өрт хабарлағыш;
12) жалындық өрт хабарлағыш - жалынның электромагниттік сәулеленуіне ден қоятын автоматты өрт хабарлағышы;
13) автоматты өрт хабарлағыш - өртке ілесе жүретін факторларға ден қоятын өрт хабарлағыш;
14) қол өрт хабарлағышы - қолмен іске қосылатын өрт хабарлағыш;
15) қорғау-өрт хабарлағыш - қорғау және өрт хабарлау функциясын қоса атқаратын хабарлағыш;
16) оқшаулаушы газқағар - тыныс алу үшін жарамсыз атмосферада жұмыс істеу кезінде және өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын адамның тыныс алу, көру органдарын қорғауға арналған аппарат;
17) арқандық-түсіргіш құтқару құрылғысы - адамдар мен материалдық құндылықтарды биіктіктен құтқаруға арналған өрт құтқару құрылғысы;
18) қосқыш өрт арматураларына кілттер - арынды және сорғыш өрт түтік құбырларын, өрт жабдығының қосқыш арматураларына қызмет көрсетуге арналған жабдық;
19) жиынтық лафетті өрт ұңғысы - өрт сөндіру кезінде тегіс немесе тегіс және жалынның өзгеретін бұрышымен тозаңдатылған су ағынын, сондай-ақ төмен еселікті ауа-механикалық көбік ағынын қалыптастыруға арналған өрт ұңғысы;
20) саты-штурмовка (штурмовка) - тіреу бетіне асып қоюға арналған ілмегі бар қол өрт сатысы;
21) таяқ-саты - басқыштарды бұрау есебінен адырналарды жылжытып жинақталатын қол өрт сатысы, әскер мен олардың жарақтарын саты биіктігінің деңгейіне көтеруге арналған және өрт ошағымен күресу және құтқару жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады;
22) желілік құрылымдар - белгілерді хабарлаушылардан қабылдау-бақылау құралына, сондай-ақ қабылдау-бақылау құралынан хабарлау құрылғылары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне беруге арналған өрт дабылы қондырғысының бөлігі;
23) механикаландырылған қол өрт аспабы - пневмо-, электро- немесе мотожетекті соққылау, басу-айналдыру және (немесе) айналдыру әрекетінің қол өрт аспабы;
24) арынды-сорғыш өрт түтік құбыры - ашық су көзінен сондай-ақ қысым астындағы су көзінен (гидранттан) жұмыс істеуге арналған өрт түтік құбыры;
25) арынды өрт түтік құбыры (арынды түтік құбыр) - артық қысым астындағы өрт сөндіргіш заттарды тасымалдауға арналған өрт түтік құбыры;
26) n-реттік түтік құбырлы тарамдалу - ағынды n-бағыттар бойынша бөлуге арналған түтік құбырлы тарамдалу;
27) өрт сөндіргіш - жинақталған өрт сөндіргіш затты шығару есебінен өрт ошағын сөндіруге арналған тасымалданатын, жылжымалы немесе орнықты құрылғы;
28) сулы өрт сөндіргіш - су немесе қоспалы су зарядымен өрт сөндіргіш;
29) ауа-көбікті өрт сөндіргіш - көбік түзетін қоспалардың сулы ерітіндісінің зарядымен өрт сөндіргіш;
30) жиынтық өрт сөндіргіш - екі және одан көп өрт сөндіргіш заттар зарядымен өрт сөндіргіш;
31) жылжымалы өрт сөндіргіш - доңғалақты немесе арбаға салынған өрт сөндіргіш;
32) тасымалданатын өрт сөндіргіш - құрастырмалық орындалуы мен салмағы адам алып жүруі үшін қолайлықты қамтамасыз ететін өрт сөндіргіш;
33) көмірқышқылды өрт сөндіргіш - көміртегінің қос тотықты заряды бар құрылғы;
34) өрт хабарлағыш - адамдарға өрт туралы жаппай хабарлауға арналған құрылғы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |