Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің әскери нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 қарашадағы N 3228 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 05.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) әскери нышандары мыналар болып белгіленсін:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы (оның ішінде әскери-теңіз туы, корабльдер мен кемелердің жалаушалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдарының тулары мен брейд-жалаушалары), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Объектілерді қорғау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары.
Toggle Dropdown
1
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туларының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті және графикалық бейнелері мен сипаттамаларының мәтіндері қоса беріліп отыр);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3-тармағы );
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жалауының және Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті және графикалық бейнесі мен сипаттама мәтіні қоса берiлiп отыр);
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті бейнелері мен сипаттамаларының мәтіндері қоса беріліп отыр) бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары - көлемі, пішімдік шешімі және дайындалған материалдары бойынша «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі № 3068 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларына сәйкес келеді, бірақ матаның ішкі жағының ортасына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері нышанының орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тиісті нышаны, ал төменгі жиегіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрамасының, бөлімінің атаулары кестеленіп жазылады;
Toggle Dropdown
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары көлемі, пішімдік шешімі мен дайындалған материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жалауына сәйкес келеді, бірақ матаның бет жағының төменгі жиегіне ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, жоғары оқу орнының атауы кестеленіп жазылады;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларын, сондай-ақ өздеріне бағынысты органдардың жалауларын сақтау, ұстау және алып шығу тәртібінің мәселелерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларының тиісті ережелерін басшылыққа алады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
1
4. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) әскердің қай түріне қатысты екеніне қарамастан, әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің туларын, жауынгерлік жалауларын, нышандарын құрмет тұтуы, ұрыс қимылдары кезінде жауынгерлік жалауларды жанқиярлықпен қорғауы және олардың қарсыластың қолына түсіп кетуіне жол бермеуі қажет;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының қорлануына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
1
5. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кабинеттерінде орнатылады, әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінің әскери-теңіз туы, лауазымды адамдарының жалаушалары, тулары мен брейд-жалаушалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери (корабльдік) жарғыларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелеріне тігіледі;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Объектілерді қорғау қызметінің орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты органдарының, бөлімдер мен құрамалар штабтарының, әскери-оқу, оқу және өзге де орындардың ғимараттарында тігіледі;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
1
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышанының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышаны - көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз бедерленген жасыл түстi дөңгелек. Жұлдыздың диаметрi дөңгелектiң диаметрiне тең. Жұлдыздың ортасында шұғыла шашқан күннiң сарғыш-алтын түстi мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Дөңгелек пен жұлдыз сарғыш-алтын түстi жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары дөңгелек жиегiнен шығыңқы. Дөңгелектiң жиегi жұлдыздың жиегiнiң 0,75 бөлiгiн құрайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы - тiгiнен үш бөлiкке бөлiнген, үш түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың екi жақ қапталы - жасыл түстi, ортасы - көк жасыл түстi. Тудың ортасында шұғыла шашқан күнмен оның астында алтын түстес қалықтап ұшқан қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан. Тудың бет жағының жоғарғы сол жақ бұрышында және сырт жағының жоғарғы оң жақ бұрышында сарғыш-алтын түстес түзу бес бұрышты жұлдыздың бейнесi бар. Қапталы мен орта бөлiктерi бiр-бiрiнен сарғыш-алтын түстi жолақтармен бөлiнген. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары мен көлемi қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерi әскери-теңiз туларының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
А. Кеменiң артқы жағындағы тулар мен жалаушалар
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Toggle Dropdown
Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiнiң әскери-теңiз туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл мата.
Toggle Dropdown
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2 Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiн құрайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерiнiң жалаушасы - шкаторина тұсында Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi бұрымшасы бар жiңiшке жолақ.
Toggle Dropdown
Жалауша ұзындығының тудың енiне қатынасы - 30:1 (катерлерде - 12:1). Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы - жалаушаның ұзындығының 7/1, бұрымшаларының тарқатылған күйi ту енiнiң 2/1 тең.
Toggle Dropdown
В. Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушалары
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының туы - тiгiнен теңдей екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның зеңгiр көк түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында жұлдыз бейнеленген.
Toggle Dropdown
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту 2/1 тең және ол - матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына, диаметрi ту енiнiң 3/1 тең жұлдыз оның жасыл түстi жартысына орналасқан.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штабы Бастығының туы - тiгiнен тең екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның көгiлдiр түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында екi жұлдыз орналасқан.
Toggle Dropdown
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту енiнiң 2/1 тең және матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына орналасқан, диаметрi ту енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Теңiз басқармасы бастығының туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысына екi жұлдыз орналасқан.
Toggle Dropdown
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi шетiнде күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысында бiр жұлдыз орнатылған.
Toggle Dropdown
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыз матаның тiк жасыл түстi жартысының ортасында орналасқан.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң брейд-жалаушасы - жасыл түстi бұрымшалары бар конус iспеттi матадан тұратын кiшiрейтiлген көлемдегi Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туы.
Toggle Dropdown
Брейд-жалаушаның тудың енiне қатысты - 5:1. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы тудың ұзындығына тең. Бұрымшаларының тарқатылған күйi тудың енiнiң жартысына тең.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жалауының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауы - көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Жалаудың бет жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының сарғыш-алтын түстi бейнесi орналасқан. Елтаңбаның үстiңгi жағында матаның жоғары жиегiн бойлай қазақ тiлiнде "Қазақстан Республикасы" деп жазылған, елтаңбаның астыңғы жағына қазақ тiлiнде "IШКI IСТЕР МИНИСТРЛIГI" деп жазылған. Матаның сырт жағының орта тұсында - нышанның түрлi-түстi бейнесi бар. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының үстiңгi жағында "МIНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛIК" деген ұран жазылған. Барлық жазулар сарғыш-алтын түспен жазылған. Жалаудың шет-шетi сарғыш-алтын түстi оқамен көмкерiлген. Жалаудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:1,5.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туының СИПATTAMАСЫ
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің туы - көгілдір зүбәржат түстес тік бұрышты екі жақты мата, ортасында шұғыла шашқан күн мен оның астында қалықтап ұшқан қыранның (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерінің) сары алтын түстес мәнерлі бейнесі орналасқан. Тудың бет жағының сол жақ жоғарғы бұрышында және сырт жағының оң жақ жоғарғы бұрышында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының алтын, көгілдір зүбәржат және көкшіл жасыл түсті түрлі-түсті схемалық бейнесі бар. Тудың жалпы ені мен ұзындығының қатынасы -1:2.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының СИПATTAMАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны үш түсті - алтын, көгілдір зүбәржат түстес және көкшіл жасыл.
Toggle Dropdown
Нышанның бүкіл композициясы екі шеңбермен қоршалған, олардың жиектері алтын түстес арқан түрінде жасалған.
Toggle Dropdown
Композицияда ішкі шеңберде (көкшіл жасыл түсті) орналастырылған қалықтап ұшқан қыран (алтын түстес етіп жасалған) басты орын алады.
Toggle Dropdown
Қыранның артындағы фонда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары - заңдылықты, бірлікті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және құрметтеуді, ашықтық пен айқындықты білдіретін дөңгелек қалқан (алтын түстес элементтері бар көгілдір зүбәржат түстес), семсер және лавр гүлдестесі (алтын түстес) бейнеленген.
Toggle Dropdown
Үлкен және кіші шеңберлердің жиектерінің арасында көкшіл жасыл фонда "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген жазу (алтын түстес) орналастырылып, сөздердің арасында екі жағынан бес бұрышты екі жұлдыз бейнеленген.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны төменгі жағынан көк түсті қалықтаған қыранның кескінді бейнесімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының элементі) қамтылған күн шұғылалары бейнесін білдіреді, сәулелердің ортаңғы бөлігінде алтын-сары түстес шаңырақтың бейнесі (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының элементі) орналасқан, оның үстінде атпен шауып келе жатқан, қолында теңбіл түсті сабы бар ту ұстаған салт атты адам бейнеленген. Күн сәулелері мен қалықтаған қыранның кескінді бейнесінің арасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген жазу орналасқан. Жазу, сәулелердің бейнесі мен қыранның кескінді сұлбасы алтын-сары түспен көмкерілген.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы туының
СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туы - ортасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышанының бейнесі орналасқан - көк түсті тік бұрышты екі жақты мата.
Toggle Dropdown
Тудың жалпы ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатынастары мен өлшемдері қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi нышанының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі нышанының бейнесі
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі нышанының сипаттамасы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі нышаны шеңберге орналастырылған салт атты сақ жауынгерінің бейнесі бар (Есік «алтын адамы») бес ұшты көгілдір түсті жұлдыздан тұрады. Жұлдыз сұлбасы алтын-сары түспен көмкерілген. Салт атты жауынгердің бейнесі де, шеңбердің сұлбасы да алтын сары түспен орындалған.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалауы екі жақты жалпақ матадан, сабынан және білезікті баудан тұрады.
Toggle Dropdown
Ұзындығы 145 см және ені 115 см жалаудың жалпақ матасы қос қабатталған көгілдір түсті фаядан дайындалған және жиегінің үш жағынан алтын түсті жібекті шашақпен зерленген.
Toggle Dropdown
Жалпақ матаның бет жағының ортасында алтын түсті жібекпен 50 см көлемде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы кестеленген. Жалпақ матаның жоғарғы жағынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, астыңғы жағынан «ОТАН ҮШІН» жазуы, жазудың әріпінің биіктігі - 7,5 см.
Toggle Dropdown
Жалпақ матаның сыртқы жағының ортасында аппликация: ортасында шеңберге орналастырылған салт атты сақ жауынгерінің стилидендірілген бейнесі бар бес шетті көгілдір түсті (көгілдір ақық) жұлдыз. Жұлдыздың пішіні, шеңбер және салт атты жауынгердің бейнесі алтын түстес етіп жасалған. Жұлдыз көлемі жалау ұзындығының 1/3.
Toggle Dropdown
Аппликацияныі үстінен жалаудың жоғарғы шетімен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, ал аппликацияның астынан жалаудың төменгі шетімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі бөлімінің атауы. Жазудың әріптерінің көлемі – 6 см.
Toggle Dropdown
Жалаудың сапты жағы диаметрі 4 см және ұзындығы 250 см сабқа кигізуге мүмкінді беретін тігіспен тігілген. Сап қою-қоңыр түспен боялған, лакталған. Саптың жоғарғы жағында әшекейленген ұштық. Жалаудың баулары ширатылған, алтын түсті жібекпен дайындалған, соңында екі шашағы бар. Баудың ұзындығы 270-285 см.