Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 тамызда № 7873 тіркелді
#$Қолданушылардың назарына! Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) «Казахстанская правдада»; 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 243 (26304) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
«2) амортизация – пайдалы қолдану мерзiмi iшiнде активтiң амортизацияланатын құнының жүйелi бөлiнуi;»;
«5) ақшалай (монетарлы) баптар – қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен мiндеттемелер;»;
«6) ақшалай балама – ақша қаражатының белгiлi бiр сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруiнiң елеусiз тәуекелiне ұшырайтын қысқа мерзiмдi, жоғары өтiмдi инвестициялар;»;
«7) активтiң өтелетiн құны – сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтiң әдiл құнының ең көп мәнi;»;
«8) активтiң құнсыздануы – амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;»;
«12) активтi алмастыру құны – активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;»;
«19) белсендi нарық – мынадай шарттардың барлығы орындалатын нарық:
нарық айналымындағы тауарлар бiртектi болып табылады;
iс жүзiнде мәмiле жасауға ниеттi кез келген уақытта сатып алушылар мен сатушылар бар;
баға туралы ақпарат жалпы қолжетiмдi болып табылады;»;
«пайдасыздығы ықтимал болып табылатын жағдайларда екінші субъектiмен қаржы құралдарын алмасу туралы шартты мiндеттеме болып табылатын кез келген мiндеттеме;»;
«басқа тараптарға жалға беру үшiн немесе әкімшілік мақсаттар үшiн, өндiрiсте қолдану үшiн немесе тауарларды не қызметтердi жеткiзу үшiн ұсталатын;»;
«47) инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзiндiк құны – төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы немесе оны сатып алу не құру сәтiнде активтi сатып алу мақсатында берiлген басқа орнын алмастырудың әдiл құны;»;
«50) сервистiк әлеует – мемлекеттiк мекеменiң функцияларына сәйкес қызмет көрсету, сондай-ақ тауарларды өндiру үшiн пайдаланылатын, бiрақ ақша қаражатының таза түсiмiн тiкелей қамтамасыз етпейтiн активтер;»;
«53) тарату құны – егер актив пайдалы қолдану мерзiмiнiң соңына жеткен болса, ал оның жай-күйi пайдалы қолдану мерзiмiнiң аяғында күтiлетiндей жағдайда болған кезде есеп шығындарын есептен шығарғаннан кейiн бүгiнгi таңда активтi есептен шығару кезiнде алуға болатын бағалау сомасы;»;
«бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН).»;
«Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлiк есептiлiк тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындауы тиiс.»;
«Материалдық жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7126 болып тiркелген) бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелер үшiн бухгалтерлiк құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрi – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес, екi данада жасалатын құжаттарды тапсыру тiзiлiмі бойынша (кiрiс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) тауар-материалдық құндылықтардың кiрiсi және шығысы жөніндегі бастапқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен ұсынылған бастапқы құжаттардың рәсiмделуiнiң дұрыстығын тексеру өткiзiлгеннен кейiн тiзiлiмнiң бiр данасы бухгалтерлік қызметкердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екiншi данасы бухгалтерлiк қызметтің iстерiнде қалады.»;
«Басты-журнал» кiтабы өткен жылдың бухгалтерлік балансына сәйкес жыл басындағы сома қалдықтарының жазбаларымен ашылады. Онда жазбалар мемориалды ордерлердi жасау шамасына қарай жүргiзiледi, ал жинақтау ведомостерiнiң мемориалды ордерлерiн жасау кезiнде айына бiр рет жүргiзiледi. Мемориалды ордердiң сомасы алдымен «Ордер бойынша сома» бағанына, содан кейiн тиiстi қосалқы шоттардың дебетi мен кредитiне жазылады. Бiр айда айналымдардың сомасы дебет бойынша да, кредит бойынша да, барлық қосалқы шоттар бойынша «Ордер бойынша сома» бағанының қорытындысына тең болу керек. Бiр айдағы айналымнан кейiн екiншi жолда әрбiр қосалқы шот бойынша келесi айдың басындағы қалдық шығарылады.»;
«25. Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді түзеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы мемориалды ордердің мәліметтерін өзгертуді талап етпейтін, бухгалтерлік балансты ұсынған сәтке дейін осы есепті кезеңде анықталған қате сызылып тасталғанды оқу үшін, дұрыс емес мәтінді немесе соманы жіңішке сызықпен сызу жолымен түзетіледі және сызып тастағанның үстінен түзетілген мәтін мен сома жазылады. Бір уақытта бас бухгалтердің қолтаңбасымен жолақта тиісті жолға қарама-қарсы «Түзетілді» деген ескертпе жасалады;
2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі; баланс ұсынылған есеп кезеңіндегі бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсілімен жасалған түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда Қалыпты деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін нөмірлерге және мемориалды ордердің күніне сілтеме жасалады.
Қаржылық есептіліктегі кейбір баптар есептеу бағаларына негізделеді. Есептеу бағаларын айқындау процесі ең соңғы, қолжетімді және шындыққа сай ақпаратқа негізделеді. Есептеу бағасы, мәселен, қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің, күмәнді борыштар бойынша резервтердің, бағалау міндеттемелерінің әділ құнын айқындау кезінде қажет болуы мүмкін. Есептеу бағаларындағы өзгерістер нәтижесі перспективтік мойындауға және егер ол тек осы кезеңге немесе өзгеріс болған кезеңге ғана әсер ететін болса, өзгеріс болған ағымдағы кезеңдегі және оларға әсері болған жағдайда келешектегі кезеңдерде де қаржылық нәтижелердің есептелуіне қосуға жатады.»;
«27. Жаңа қаржы жылында синтетикалық және талдамалық шоттар бойынша бухгалтерлік тіркемелерде жыл басындағы қалдықтардың сомасы бухгалтерлік баланс пен өткен жылғы есепке алу тіркемелерімен толық сәйкестікте жазылады.
Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есепті қаржы жылындағы қаржылық есептiлiктi қабылдау кезiнде түзетулер жасаса, онда тиiстi жазбаша өкiмнiң негiзiнде бұл түзетулер осы есепті қаржы жылының бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (бухгалтерлiк жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (кiрiс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгiзiледi.»;
«34. Операциялар мен оқиғалар есепке алу құжаттамасында тіркеледі және олар жататын кезеңдердің қаржылық есептіліктерінде танылады.»;