• Мое избранное
Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қаңтарда № 8255 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 9 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 22 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктер туралы заңның 35-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
1) кредиттің мөлшері банктің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) (бұдан әрі – № 358 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 пайызынан асатын;
2) тұрақсыздық айыбын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының осы кредит бойынша міндеттемелерінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын не жоқ кредиттің қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылатыны белгіленсін.
Осы критерийлер жаңадан берілетін қамтамасыз етілмеген кредиттерге (бланкілік кредиттерге) қолданылады.
2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын бас банктің еншілес ұйымға берген кредит қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылмайды.
3. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлері № 358 қаулыға және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) қолданылмайды.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк 
Төрағасы                                     Г. Марченко