Toggle Dropdown
3
Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 24.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
Қоса беріліп отырған Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 51 қаулысымен
бекітiлген
Toggle Dropdown
4
Ірi көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелеріне, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілерiне сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Ереже автокөлік құралының көлемі мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейді.
Toggle Dropdown
3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
Toggle Dropdown
1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
Toggle Dropdown
2) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
Toggle Dropdown
3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары);
Toggle Dropdown
4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны – iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;
Toggle Dropdown
6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;
Toggle Dropdown
7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
Toggle Dropdown
8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
Toggle Dropdown
9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
Toggle Dropdown
10) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
Toggle Dropdown
11) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
Toggle Dropdown
12) отандық және шетелдiк iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі – автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым;
Toggle Dropdown
13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;
Toggle Dropdown
14) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
15) Арнайы рұқсат – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты (бұдан әрі – Арнайы рұқсат);
Toggle Dropdown
16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы;
Toggle Dropdown
17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.
Toggle Dropdown
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
Toggle Dropdown
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Арнайы рұқсат пен оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
6-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және келiсу тәртiбi
Toggle Dropdown
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы:
Toggle Dropdown
1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
Toggle Dropdown
2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
Toggle Dropdown
3) кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
Шетелдік тасымалдаушы рейске шыққанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының шешімімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсетеді.
Toggle Dropdown
10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.
Toggle Dropdown
11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
Toggle Dropdown
1
12. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:
Toggle Dropdown
1) iрi көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;
Toggle Dropdown
2) iрi көлемді автокөлік құралының биiктiгi жол бетінен 4,5 метрден асқан;
Toggle Dropdown
3) iрi көлемді автокөлік құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;
Toggle Dropdown
4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;
Toggle Dropdown
5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Тасымалдаудың бағыты темiр жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпiрлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер:
Toggle Dropdown
1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктiгi жол бетiнен 4,5 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиiстi келісуші ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе мынадай мерзімдерде:
Toggle Dropdown
1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынады.
Toggle Dropdown
14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.
Toggle Dropdown
15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды.
Toggle Dropdown
1) отандық тасымалдаушы үшін – жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;
Toggle Dropdown
2) шетелдік тасымалдаушы үшін – ол туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етедi және жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды.
Toggle Dropdown
16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
Toggle Dropdown
1
17. Уәкілетті органға өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:
Toggle Dropdown
1) ұсынылған ақпараттың толықтығы не нақтылығы;
Toggle Dropdown
2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган немесе кеден органдары, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал осы Ереженің 12-тармағында көзделген тасымалдау маршрутын келісу талап етілмеген жағдайларда, бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Toggle Dropdown
17-1. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
Toggle Dropdown
18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе кеден органдары өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
19. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
Toggle Dropdown
20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
Toggle Dropdown
21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
Toggle Dropdown
1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
Toggle Dropdown
2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-көлемдік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған;
Toggle Dropdown
3) Арнайы рұқсатты алғаннан кейін жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
Toggle Dropdown
1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
Toggle Dropdown
2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.
Toggle Dropdown
3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.
Toggle Dropdown
24. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі
Toggle Dropdown
25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан, автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдары қозғалыс маршрутын белгілегеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады.
Toggle Dropdown
26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
Toggle Dropdown
27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
Toggle Dropdown
1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
Toggle Dropdown
Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.
Toggle Dropdown
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
Toggle Dropdown
1
29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган немесе кеден органдары әкімшілік полицияға Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның немесе кеден органдарының хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Облыстың, қаланың немесе ауданның әкімшілік полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
30. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi
Toggle Dropdown
31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi.
Toggle Dropdown
32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
Toggle Dropdown
33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
Toggle Dropdown
34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
Toggle Dropdown
35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiнiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
Toggle Dropdown
36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
Toggle Dropdown
Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
Toggle Dropdown
37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
Toggle Dropdown
38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
Toggle Dropdown
Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
Toggle Dropdown
39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
Toggle Dropdown
40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
Toggle Dropdown
41. Мына жағдайлардың барлығында:
Toggle Dropdown
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
3) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
Toggle Dropdown
1
42. Мына жағдайлардың барлығында:
Toggle Dropdown
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
Toggle Dropdown
3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
Toggle Dropdown
4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
Toggle Dropdown
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
Toggle Dropdown
44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
Toggle Dropdown
47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
Toggle Dropdown
1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
Toggle Dropdown
2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
Toggle Dropdown
48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
Toggle Dropdown
49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
Toggle Dropdown
1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
Toggle Dropdown
2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
Toggle Dropdown
3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
Toggle Dropdown
4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
Toggle Dropdown
5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
Toggle Dropdown
6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
Toggle Dropdown
7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
Toggle Dropdown
8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
Toggle Dropdown
9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
Toggle Dropdown
10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:
Toggle Dropdown
1) отандық тасымалдаушы – Халыққа қызмет көрсету орталығына, портал арқылы не кеден органдарына;
Toggle Dropdown
2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе кеден органдарына жүгiнуі тиіс.
Toggle Dropdown
5. Ірi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының техникалық жай-күйіне және жабдықтарына қойылатын қосымша талаптар
Toggle Dropdown
51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекiту құралдары қолданылады.
Toggle Dropdown
52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
Toggle Dropdown
53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
Toggle Dropdown
54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
Toggle Dropdown
55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
Toggle Dropdown
56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
Toggle Dropdown
57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
Toggle Dropdown
58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа бiреуден) болуы қажет.
Toggle Dropdown
59. Автопоезд үшін оның әрбiр буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
Toggle Dropdown
60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
Toggle Dropdown
61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегiндегi күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
Toggle Dropdown
62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес "Автопоезд" "Iрi көлемдi жүк" немесе "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген тану белгiлермен белгіленедi.
Toggle Dropdown
63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгіленедi.
Toggle Dropdown
64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бiр немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
Toggle Dropdown
Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
Toggle Dropdown
Шамдар тәулiктiң қараңғы кезiндегi немесе жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.
Toggle Dropdown
6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүру тәртiбiн бақылау
Toggle Dropdown
65. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруін бақылауды уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өзінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен біліктік жүктемелер – стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көмегiмен жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
67. Сызықтық өлшеу жабдығы, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары мен автомобильдік таразылар жарамды жай-күйде болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткені туралы сертификаты болуы тиіс.
Toggle Dropdown
68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
Toggle Dropdown
69. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
70. Егер осы Ереже талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.
Toggle Dropdown
71. Осы Ереже бұзылған жағдайда, уәкілетті орган немесе кеден органдары Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;
Toggle Dropdown
3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдiк өлшемдердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
Toggle Dropdown
4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
Toggle Dropdown
5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.
Toggle Dropdown
Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс;
Toggle Dropdown
6) осы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.
Toggle Dropdown
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне АРНАЙЫ РҰҚСАТ № _________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
автокөлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)
бағыты бойынша жүруіне
Toggle Dropdown
1. Көлік құралының өлшемдері:
Toggle Dropdown
автокөлік құралының жалпы салмағы, т | жүктің салмағы, т |
ұзындығы, м | ені, м | биіктігi |
дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м | жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м |
Toggle Dropdown
осьтер бойынша жүктеме, т
Toggle Dropdown
2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
Toggle Dropdown
3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4. ____________ сағ. бастап __ сағ. дейін (жылы, айы, күні) ___
км/сағ. аспайтын жылдамдықпен ______ жолдарымен жүруге рұқсат етіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
-------------------------- кесу сызығы ------------------------------
Toggle Dropdown
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ № __________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт
нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
Toggle Dropdown
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа
қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның
көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)
Toggle Dropdown
6. Рұқсат берілді _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Toggle Dropdown
7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Toggle Dropdown
8. Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан
Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:
Негізгі тартқыштың жүргізушісі ________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Жүкті шығарып салушы тұлға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Toggle Dropdown
9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның
өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Ірі көлемді және
ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің талаптарына
сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен
толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
--------------------------- кесу сызығы -----------------------------
Toggle Dropdown
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ № _________
Toggle Dropdown
Жүріп өткен үшін алымдар есебі ______________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Жүргізуші ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл ________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Toggle Dropdown
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Toggle Dropdown
Ескерту: осы бақылау талоны ірi көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне
арналған тиісті Арнайы рұқсатқа мiндеттi қосымша болып табылады.
Toggle Dropdown
1000000 | 100000 | 10000 | 1000 | 100 | 10 | 1 |
2000000 | 200000 | 20000 | 2000 | 200 | 20 | 2 |
3000000 | 300000 | 30000 | 3000 | 300 | 30 | 3 |
4000000 | 400000 | 40000 | 4000 | 400 | 40 | 4 |
5000000 | 500000 | 50000 | 5000 | 500 | 50 | 5 |
6000000 | 600000 | 60000 | 6000 | 600 | 60 | 6 |
7000000 | 700000 | 70000 | 7000 | 700 | 70 | 7 |
8000000 | 800000 | 80000 | 8000 | 800 | 80 | 8 |
9000000 | 900000 | 90000 | 9000 | 900 | 90 | 9 |
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Toggle Dropdown
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Арнайы рұқсатты алдым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы, күні)
Ескерту: осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруiне
арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбіртегiне мiндеттi қосымша болып
табылады.
Toggle Dropdown
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
___________ облысы (қаласы) бойынша
кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына
Toggle Dropdown
Iрі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________ мем. нөмірi __________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _______ мем. нөмірi ________
Көлік құралының түрі ________________________________________________
Изотермиялық шанақтың болуы _________________________________________
Әуе немесе оған балама аспаның болуы ________________________________
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________
Toggle Dropdown
Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері
Toggle Dropdown
Өлшемдерi | Нақты | Рұқсат етілген | Асқаны |
Жол бетінен биіктігі, м |
|
|
|
Ені, м |
|
|
|
Автокөлік құралының ұзындығы, м |
|
|
|
Толық салмағы, т |
|
|
|
Тіркеменің толық салмағы, т |
|
|
|
АКҚ-ның дөңгелектік өрнегi | 1-білік | 2-білік | 3-білік | 4-білік | 5-білік | 6-білік | 7-білік | 8-білік | 9-білік |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңістігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Біліктердің ара қашықтығы, м |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білікке нақты жүктеме, т.с. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Асқаны, % |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы __________________________
Қосымша деректер ____________________________________________________
________________________________________________ ________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)
Өтініштің берілген күнi _____________________________________________
Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________ ________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)
Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________ ________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)