• Мое избранное
Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2008 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2672

Күші жойылды ҚР Қаржы Министрінің 29.12.2008 № 622 Бұйрығымен. (09.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 09.11.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын: 
1. Қоса беріліп отырған Дербес шоттарды жүргізу ережелері бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасы (Алшымбаев Б.Ж.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Төраға
Келісілді 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Төрағасы
2003 жылғы 24 желтоқсан 
       N___
Келісілді 
Қазақстан Республикасының 
Статистика жөніндегі 
агенттігінің Төрағасы
2003 жылғы 24 желтоқсан 
       N___
Келісілді 
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау министрі
2003 жылғы 23 желтоқсан 
       N___
"Дербес шоттарды жүргізу
 ережелерін бекіту туралы"
 Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрлігі
 Салық комитеті Төрағасының
 2003 жылғы 23 желтоқсандағы
 N 530 бұйрығымен бекітілген
Дербес шоттарды жүргізу ережелері 
МАЗМҰНЫ         
1-бөлім. Жалпы ережелер 
1-тарау. Кіріспе 
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің, салық агенттерінің дербес шоттарын жүргізу мен салық органдарында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есепке алу тәртібін айқындайды. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар есептелген (қосып есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы, сондай-ақ осы Ережелермен (бұдан әрі - дербес шот) (N 1, N 2, N 3, N 4, 4-1 қосымшалар) бекітілген нысан бойынша өсімақылар мен айыппұлдар сомасының есебі үшін өзімен құжат береді. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
3. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) дербес шоттары ұлттық валютада - теңгемен жүргізіледі.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің есебі Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. 
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді республикалық және жергілікті бюджет арасында бөлу Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне  сәйкес жүргізіледі. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
6. Салық органдары әрбір салық төлеушіге (салық агентіне) бюджет кірісі жіктемесінің, салық органдарында есеп жүргізілетін салық және басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың тізбесіне (N 5 қосымша) сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдарының әрбір коды бойынша дербес шот ашады. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
2-тарау. Осы Ережелерде қолданылатын  
  терминдер мен айқындамалар 
7. Осы Ережелермен қолданылатын салық заңының ұғымдары мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңдарында қалай жазылса, сол мәнде қолданылады.
8. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) салыстыру актісі салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ салық органы және салық төлеушінің (салық агентінің) дерегі бойынша айқындалған күнге өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) сомасы жөніндегі құжат; 
2) салық және басқа міндетті төлемдердің коды - Қазақстан Республикасы Yкіметінің     2004 жылғы 24  желтоқсандағы  N 1362  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бойынша бюджет кірісінің жіктемесі бойынша төлем белгілеудің сандық белгіленуі; 
3) салық төлеушілердің дербес шоттарын есепке алу және (немесе) бақылау бөлімі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) сомаларын жүргізу дұрыстығына бақылау және түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомаларын есепке алу және есептілік жасау функцияларын атқаратын салық органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - есеп бөлімі); 
4) жауапты бөлім - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) сомаларын есепке алу және салық міндеттемелері мен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аударуды салық төлеушінің орындауына салық бақылауының функцияларын атқаратын салық органының құрылымдық бөлімшесі; әкімшіліктендіру және салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолдану; 
5) уәкілетті мемлекеттік орган - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 
6) қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджет-есеп кезеңі; 
7) айыппұл - міндеттеме орындалмаған немесе орындалуға жатпаған жағдайда борышкердің бюджетке төлеуге міндетті ақшалай сомасын заңдармен айқындау. 
#$8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346, 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 664 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
3-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да  
  міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы  
  жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есебі  
  бойынша жұмыстарды ұйымдастыру  
3-тараудың атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
9. Салық органдарында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есебі бірыңғай салық ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. 
9-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрығымен.
10. Дербес шоттарда бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жауапты лауазымды тұлғаға беріледі. Ақпараттық жүйе ақпараттың рұқсат етілмеген мүмкіндіктен қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Салық органдарындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есебі есеп құжаттамасында қағаз немесе электронды тасығыштарда жүргізіледі: 
тізілімдерде: