• Мое избранное
Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1096 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 249 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 260, 266, 322,  329-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау мен тіркеу қағидасы;
2) Кедендік алып жүру қағидасы;
3) Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын
құжаттарды беруді тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 22 қазандағы
 № 1096 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау мен тіркеу қағидасы
1. Осы Қағида 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
 (бұдан әрі - Кодекс) 260, 266-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғалар, немесе олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.
Мұндай құжаттар кеден органына электрондық құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
3. Өткізу пунктінде орналасқан кеден органы көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың куәландырылған көшірмелерінің екі данасын қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған өзге құжаттарды қабылдайды.
4. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растау үшін кеден органына ұсынылған құжаттарда:
кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуы туралы белгілер;
уақытша сақтау орнының атауы және уақытша сақтау орны иесінің мөрімен куәландырылған уақытша сақтау орнының есептік нөмірі болуы тиіс.
Уақытша сақтау орнының есептік нөмірі мынадай схема бойынша қалыптасады:
112233/444444, мұнда
11 және 22 - тиісінше тіркеу күні мен айы,
33 - ағымдағы жылдың соңғы екі саны,
444444 - уақытша сақтау орнын есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.
5. Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарларды өзге орындарда уақытша сақтаған жағдайда, ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы мен тауар алушының мөрімен куәландырылатын уақытша сақтауға орналастыру күні көрсетіледі.
Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдары өзге орындарға уақытша сақтауға орналастырылған жағдайда қосымша:
тауарға қатысты өкілеттігі бар адамның жазбаша өтініші;
кедендік баждарды, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;
Кодекстің 265-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарлар мен көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі;
Кодекстің 265-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тауарлар мен көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан темір жол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатынын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі.
6. Межелі кеден органының жауапты лауазымды адамы тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруын растайтын құжаттарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген журналға, мұндай құжаттар берілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркеу нөмірін бере отырып тіркейді.
7. Тауарларды уақытша сақтау орнына орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:
11111/223344//555555, мұнда
11111 — уақытша сақтау орнына тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруды растайтын құжатты тіркеген кеден органының коды;
22 және 33 — тиісінше тіркеу күні мен айы, 44 - ағымдағы жылдың соңғы екі саны,
555555 - тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі.
8. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші парақтарының бос орнында, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мөртаңба қолы немесе жауапты лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылған уақытша сақтау орнының тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтері бар жазбаны жазу болып табылады.
9. Өткізу пунктінде орналасқан кеден органында кеден органының тіркеу туралы белгілері бар көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғаларға, немесе олардың өкілдеріне беріледі, ал тіркеу туралы кеден органының белгілері бар көшірменің екінші данасы кеден органында қалады.
Межелі кеден органында транзиттік декларация немесе кеден органының тіркеу туралы белгілері бар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған өзге құжаттар тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғаларға, немесе олардың өкілдеріне беріледі.
Тауарларды уақытша сақтау
 орындарына орналастыруды растау,
 тауарлар мен көлік құралдарын
 уақытша сақтауға орналастыруды
 растайтын құжаттарды қабылдау мен
 тіркеу қағидасына
 қосымша
Нысан
Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңбаның нысаны
 
Кеден органының коды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті
Кеден органының атауы «ТАУАР УАҚЫТША САҚТАУҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ» Тауарды уақытша сақтауға
орналастыруды растайтын құжаттардың
тіркеу № ________________________ Уақытша сақтау орны
_________________________________ Сақтау мерзімінің аяқталған күні 20__ж. «__»__________
Ескертпе: мөртаңбаның ұсынылатын мөлшері - 60 х 90 мм
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 22 қазандағы
 № 1096 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Кедендік алып жүру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік алып жүру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 322-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Кедендік алып жүруді кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
3. Осы Қағидада кедендік наряд ұғымы деп кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының кедендік алып жүруін жүзеге асыруға уәкілетті кеден органдары лауазымды адамдары не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге ұйымдардың құрамы түсініледі.
4. Кедендік алып жүру туралы шешімді жөнелту немесе межелі кеден органының бастығы, не оны алмастыратын адам қабылдайды.
Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы осындай шешім қабылданған сәттен бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
5. Кедендік алып жүру кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
6. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейді.
2. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібі
7. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда, міндетті түрде:
кеден органы мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік алып жүру туралы шешім;
2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспар-тапсырма;
3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі;
4) көлік құралын қарау актісі (жөнелтуші кеден органында толтырылады);
тасымалдаушы не тауарларға қатысты уәкілеттігі бар тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) транзиттік декларация немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған құжаттар;
2) кедендік алып жүру үшін алымның төленуін растайтын құжаты
8. Кедендік алып жүру туралы шешім, қабылдап алу-беру актісі және жоспар-тапсырма осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналында тіркеледі.
Кедендік алып жүру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат жедел байланыс арнасы арқылы межелі кеден органына жіберіледі.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналының нөмірленуі бірден басталады.
Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы кедендік алып жүруді тіркеу туралы соңғы жазба енгізілген күнінен бастап бес жыл ішінде сақталады.
9. Тауарлар мен көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі екі данада толтырылады. Қол қойылғаннан кейін бір данасы жөнелтуші кеден органында (алып жүруді тапсырушы), ал екіншісі - межелі кеден органында (алып жүруді қабылдаушы) сақталады. Қабылдап алу-беру актісінде міндетті түрде барлық бағандар толтырылады.
10. Кедендік алып жүруді тасымалдаушының ие тауарларға қатысты өкілеттігі бар адамның алып жүретін көлік құралында немесе кеден органының автокөлік құралында кедендік наряд жүзеге асырады.
11. Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік нарядын ауыстыру міндетті түрде қабылдап алу-беру актісін толтыру мен кедендік алып жүру туралы жаңа шешімді қабылдаумен кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
12. Кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде бір кедендік наряд 10-нан аспайтын көлік құралын алып жүреді. Қозғалыс пен аялдамалар уақытында кедендік наряд белгіленген бағыт бойы алып жүретін көлікті бақылайды.
13. Алып жүретін бір көлік құралы бұзылған жағдайда жөндеу немесе тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу аяқталғанға дейін бүкіл колонна тоқтатылады. Авария немесе көлік құралының бұзылуы салдарынан тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігіне пломба салынады. Бұл ретте кедендік наряд тауарды қайта тиеу себептерін, тауардың саны мен басқа да ерекшеліктерін, ескі және жаңа пломбаның нөмірлерін көрсете отырып, тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы екі данада акт толтырады. Пломбаны салу мүмкін еместігі актіде көрсетіледі. Актіге кедендік нарядтың аға қызметкері мен тасымалдаушы қол қояды. Актінің бірінші данасы кедендік нарядтың аға қызметкерінде қалады, ал актінің екінші данасы межелі кеден органына немесе алып жүруді қабылдайтын кеден органына ұсынылады.
14. Адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті болып табылатын тауарларды (химикаттар, радиактивті және жарылғыш заттар және т.б.) кедендік алып жүрген жағдайда, кедендік алып жүру қауіпті жүктерді тасымалдау мен қауіпсіздік шаралары қағидаларында белгіленген талаптарды сақтаумен, күшейтілген кедендік нарядпен жекелеген көлік құралдарында жүзеге асырылады.
15. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері кезінде кедендік наряд тасымалдаушыға оның міндетін атқаруға жәрдем көрсетеді. Көліктік оқиға туралы хаттама кедендік нарядтың аға қызметкерінің қатысуымен толтырылады.
16. Кедендік наряд көлік құралдарының түріне, санына, тасымалдаудың мерзімі мен шарттарына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына әсер ететін өзге факторларға негізделе отырып қалыптастырылады.
17. Кеден органы бастығының не оны алмастырушы адамның шешімі бойынша кеден органы лауазымды адамдарының қатарынан қалыптастырылатын кедендік нарядты атыс қаруымен және арнайы құралдармен жарақтандыру алып жүру бағытының шарттарына негізделе отырып айқындалады.
18. Кедендік нарядта осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа пломбалау құрылғысы болуы тиіс.
19. Межелі кеден органының кедендік наряды кедендік алып жүрген жағдайда, осы кедендік наряд осындай шешім қабылданғаннан және келісілгеннен кейін 24 сағат ішінде жөнелтуші кеден органына жетіп, кедендік алып жүру бойынша өз міндеттеріне кірісуі тиіс.
20. Кедендік алып жүру басталар алдында кедендік нарядтың жеке құрамына нұсқау беру жүргізіледі, оның денсаулық жағдайы, жарақтануы, қызметтік міндеттерін білуі, қару-жарақ пен арнайы құралдардың жағдайы тексеріледі.
Кеден органы лауазымды адамдарының қатарынан қалыптастырылатын кедендік наряд кедендік алып жүруді кеден органдарының нысанды киімімен жүзеге асырады.
Кедендік алып жүру
 қағидасына
 1-қосымша
Нысан
 Кедендік алып жүру туралы
 № ______ шешім
Күні                                        Шешімді қабылдау орны
      Кеден органының лауазымды адамы ________________________,
 ______________________ транзиттік декларация (ХЖТ кітапшасы) бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізудің материалдарын және кедендік бақылау мен ресімдеу үшін ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарды:
1. тауарға ілеспе құжаттарды;
2. коммерциялық құжаттарды;
3. кедендік және басқа құжаттарды қарап,
Анықтады:
      1. Тіркеу нөмірі _______ автомобиль көлік құралымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша (жүру бағыты) кедендік бақылаудағы тауарлар - тауардың атауы ____ өткізіледі;
       2. Кедендік алып жүру рәсімін қолдану үшін негіз болып табылған тауарлардың сипаты мен мәртебесі - __________________________;
3. Кеден органында тасымалдаушы бұдан бұрын тауарларды жеткізбегені, әкімшілік бұзушылықтар фактілеріне жол бергені туралы мәліметтер (жоқ) бар.
4. Жоғарыда көрсетілген көлік құралы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тиісті түрде жабдықталған (жабдықталмаған), кеден органына Кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жол беру туралы куәлік ұсынылған (ұсынылмаған).
5. Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылды (ұсынылған жоқ).
Жазылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Кедендік алып жүру тәртібін, Қазақстан Республикасындағы кеден ісі бойынша өзге нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып,
Шешім қабылдады:
      1. __________________кеден органынан________________________ кеден органына дейін бағыт бойынша тіркеу нөмірі _____ автокөлік құралын кедендік алып жүру жүзеге асырылсын.
       2. Кедендік алып жүру үшін алымдар___________________теңге сомасында өндіріп алынсын.
Кеден органының бастығы                        Т.А.Ә., қолы
      Шешімді ресімдеген лауазымды адамның Т.А.Ә., қолы, жеке нөмірлік мөрі _________________________________
      Шешіммен таныстым, келісемін 20__ж.______
 __________________________
 (Тасымалдаушының қолы)
      20___ж. «___»____________төленді.
       Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдардың төленгенін растайтын құжат ____ №__________20__ж. «___»__________
Құжаттарды дайындау мен төлемдердің түсуін тексеруді
 ______________кеден органының лауазымды адамы
 ___________________________________________________ жүргізді.
 (Тегі, аты-жөні, қолы, жеке нөмірлік мөрінің бедері)
Кедендік алып жүру
 қағидасына
 2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
 Аумақтық кеден
 органының бастығы
 _______________Т.А.Ә.
 20__ж. «__»_________
 № _______ Жоспар-тапсырма
1. Кедендік нарядтың құрамы:
 (кеден органының атауы, Т.А.Ә., лауазымы)
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
2. Қару-жарақ, арнайы құралдар:
 (атыс қару құралдарының маркасы мен нөмірі (бар болған кезде), арнайы құралдардың атауы (бар болған кезде)
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 3. Жұмыс уақыты 20__жылғы «__» - 20___ жылғы «___»_____дейін
4. Кедендік нарядтың қозғалыс бағыты:
 (қозғалыс бағыты, алып жүрудегі көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлері, ілеспе құжаттардың (транзиттік декларацияның, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған құжаттардың) нөмірлері
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
5. Іссапарға тапсырма
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
Кеден органы
бөлімшесінің бастығы                                        Т.А.Ә.
  • 1
Кедендік алып жүру
 қағидасына
 3-қосымша
Нысан
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі
__________________________                  20__жылғы «__»__________
   (елді мекеннің атауы)
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
 №__________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ____________________________________ автокөлік құралдарында келе жатқан тауарды (көлік құралын) кедендік алып жүруге
 Нарядтың аға қызметкері _______________________________ тапсырды,
       (жөнелтуші кеден органының атауы, т.а.ә, лауазымы)
 ал нарядтың аға қызметкері_____________________________ қабылдады
     (межелі кеден органының атауы, т.а.ә., лауазымы.)
тауарға ілеспе құжаттар:
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
Тауар (көлік құралы) өзгермейтін жай-күйде, жүк бөліктеріне
 №__________________________________________пломбалар салынған
Қосымша салынған пломбалар
 №__________________________________________
Нарядтың аға қызметкері_________   _________________________________
 (кеден органының атауы, (жеке нөмірлік мөрінің бедері, қолы)
    лауазымы, т.а.ә),
 Нарядтың аға қызметкері ________   _________________________________
 (кеден органының атауы, лауазымы,  (жеке нөмірлік мөрінің бедері,
т.а.ә.)                            қолы)
Кедендік алып жүру
 қағидасына
 4-қосымша
Нысан
Алып жүрудегі тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы
 

Р/с
Кедендік алып жүру туралы шешімнің, Тапсырма-жоспардың, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі Күні Транзиттік декларацияның нөмірі Алып жүретін автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі Тауардың атауы Төлем құжатының нөмірі Жөнелтушінің деректері (заңды тұлға үшін - атауы, тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә., тұратын мекенжайы) Алушының деректері (заңды тұлға үшін - атауы, тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә., тұратын мекенжайы) Межелі кеден органы Нарядтың аға қызметкері (Т.А.Ә.) Нарядтың аға қызметкерінің қолы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12












Журнал кеден органының іс номенклатурасында тіркелуі, тігілуі, нөмірленуі және Қазақстан Республикасы кеден органының мөрімен мөрленуі тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 22 қазандағы
 № 1095 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидасы
1. Осы Қағида (бұдан әрі - Қағида) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 329-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушының межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидада Кодекспен белгіленген мына терминдер пайдаланады:
1) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
2) транзиттік декларация - кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізген кезде қолданылатын, кедендік декларацияның бір түрі болып табылады. Кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған, Кодекстің 280-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттар ұсынылуы мүмкін.
3. Тасымалдаушы транзиттік декларацияны, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын ресімдеу кезінде құжаттарды беруді тіркеу үшін межелі кеден органына өзінде бар өзге де құжаттарды ұсынады.
4. Межелі кеден органының лауазымды адамы тасымалдаушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу туралы хабарламаны тіркеу журналына құжаттарды тіркейді.
5. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы құжаттарды тіркегеннен кейін тасымалдаушыға мұндай тіркеу туралы жазбаша растама береді.
Құжаттарды тіркеу туралы растама берілген құжаттардың нөмірлерін, парақтардың жалпы санын, қолы мен жеке нөмірлі мер бедері қойылған құжаттарды тіркеу күні мен уақытын көрсете отырып, уәкілетті лауазымды адам еркін нысанда жасайды.
7. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы мынадай:
1) транзиттік декларация ұсынылмаған;
2) транзиттік декларацияны құрайтын құжаттар тізімдемесінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған (транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттар қолданылған жағдайда);
3) кеден органының талап етуі бойынша тауарлар ұсынылмаған;
4) Кодекстің 324-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасауға құқығы жоқ кеден органына құжаттар ұсынылған;
5) егер құжаттарды уәкілеттігі жоқ адам ұсынған;
6) егер транзиттік декларацияда не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарда және (немесе) олардың ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттарда жөнелтуші кеден органының белгілері болмаған жағдайларда құжаттарды тіркеуден бас тартады.
Құжаттарды тіркеуден бас тартуды кеден органның уәкілетті лауазымды адамы бас тарту себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда ресімдейді және мұндай бас тарту туралы қабылданған шешімнің күні мен уақытын қоя отырып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылады.
Құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, кеден органының уәкілетті лауазымды адамы тасымалдаушыға ұсынылған құжаттарды қайтарады.
7. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамының лері жойылған жағдайда тасымалдаушы осы Қағидада белгіленген тәртіппен кеден органына қайта жүгінеді.
8. Кеден органының кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын ресімдеуі кезінде құжаттарды беруді тіркеуден бас тарту туралы шешімге тасымалдаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.
Кедендік транзит
 рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын
 құжаттарды беруді тіркеу қағидасына
 қосымша
Нысан
 Тауарлардың келуі туралы хабарламаларды тіркеу журналы
 _____________________(кеден органының атауы мен коды)
 
Келу туралы хабараламаның реттік нөмірі Келу туралы хабараламаның қабылданған күні мен уақыты Көлік құралының (тіркеменің) тіркеу нөмірі Көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша жалпы брутто салмағы (кг), қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі Тасымалдаушының атауы ХЖТ кітапшасының нөмірі (ХЖТ Конвециясына сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде) Көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірі мен күні Кіру кезінде бар болса бақылау талонының нөмірі мен күні Кедендік қарау (тексеріп қарау) актісінің нөмірі мен күні Келу туралы хабарламаны тіркеген лауазымды адамның Т.А.Ә. және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11