Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 817 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8138 тіркелді
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 817 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – ол жеке кәсіпкер және заңды тұлға;
2) Құрылымдық функционалдық бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйе немесе кіші жүйелер;
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне шетелдік рұқсаттар – бұл отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға (бұдан әрі – шетелдік рұқсаттар), және отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру (бұдан әрі-тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат).
3. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) беру бойынша:
1) отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдары Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша береді (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының 15) тармақшасы;
3) Стандарт негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі және Стандарттың 8-тармағының негізінде көрсетіледі.
7. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі шетелдік рұқсаттарды беру және тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру қағаз тасығышта беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
8. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және өзге субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және/немесе заңды тұлғаларға көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында мына мекен-жай бойынша: www.con.gov.kz;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызметті беру мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет беруден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
1) уәкілетті органға жүгінгенде:
алушы уәкілетті органға (оның филиалына) өтінішті өз еркінше жазып тапсырады;
уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады;
уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қараған соң көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығына жібереді;
көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманына жолдайды;
көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы ұсынылған өтінішті және шетелдік рұқсат рәсімдеуді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту дайындайды;
уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
алушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төленген сәттен бастап - алушыға шетелдік рұқсаттар беріледі.
алушы Комитетке өтінішті еркін нысанда тапсырады;
Комитеттің кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен күні көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады;
Комитет басшысы немесе оның орынбасары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қараған соң бір жұмыс күні ішінде Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасы бастығына жібереді;
Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысына жолдайды;
Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беруді рәсімдеуді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту дайындайды;
мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төленген сәттен бастап – алушыға отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар береді.
Шетелдік рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету:
алушы ХҚКО-на өтінішті өз еркінше жазып береді;
ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп өтінішті тіркеуді жүргізеді;
ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
ХҚКО-нан құжаттар пакетінің уәкілетті органға жіберілгендігі туралы факт штрихкодты сканер көмегімен тіркеу арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға пайдаланылады;
уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен күні көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады;
уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары қараған соң көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығына жібереді;
көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығы өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманына жолдайды;
көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және шетелдік рұқсат рәсімдеуді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту дайындайды, содан соң уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді және алушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төленген сәттен бастап - алушыға шетелдік рұқсаттар беріледі;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қағаз тасушы арқылы ХҚКО-ға жібереді.
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдауда ХҚКО-мен түскен құжаттарды штрихкод сканері көмегімен тіркеледі;
ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызмет алушыға нәтижесін береді.
Тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар мемлекеттік қызметті беруге:
алушы ХҚКО-на өтінішті еркін нысанда береді;
ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы курьер құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
ХҚКО-нан құжаттар пакетінің Комитетке жіберілгендігі туралы фактіні штрихкодты сканер көмегімен тіркеу арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға пайдаланылады;
Комитеттің кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен күні көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады;
Комитет басшысы немесе оның орынбасары қараған соң Комитеттің басқармасы бастығына жібереді;
Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасы бастығы өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысына жібереді;
Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беруді рәсімдеуді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту дайындайды, сонан соң Комитет басшысы немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төленген сәттен бастап – алушыға отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар беріледі;
алушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төленген сәттен бастап - алушыға тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар беріледі;
Комитет кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін курьер арқылы ХҚКО-ға жолдайды.
Комитеттен келген мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдауда ХҚКО түскен құжаттарды штрихкод сканері көмегімен тіркеледі;
ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызмет алушыға нәтижесін береді.
16. ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның ең аз саны 1 адамды құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызметтер (өзара әрекет етулер) сипаттамасы
17. ХҚКО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» операциялық залда жүзеге асырылады, ХҚКО қызметкерінің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
ХҚКО-да құжаттарды қабылдау кезінде алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО-ның қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесідей ҚАБ (ҚҚБ) қатыстырылған:
2) ХҚКО жинақтаушы бөлімі инспекторы;
3) Комитеттің немесе уәкілетті органның (оның филиалының) кеңсе қызметкері;
4) Комитеттің немесе уәкілетті органның басшылары, немесе олардың орынбасарлары;
5) Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасы бастығы немесе уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығы;
6) Комитеттің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы немесе көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы;
19. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің әкімшілік іс-қимылдарын логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
21. Уәкілетті орган және ХҚКО-на мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішті өз еркінше жазып береді.
Қазақстан Республикасы ратификацияланған
халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына
шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп
өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Кесте 1. ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
| Негізгі үдеріс қызметі |
1 | Қызмет № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | ҚФБ атауы | ХҚКО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның басшысы, немесе олардың орынбасарлары | Уәкілетті органның бақылау бөлімінің бастығы | Уәкілетті органның бөлімі маманы |
3 | Іс-қимылдың атауы және олардың сипаттамасы | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжат тізбесі мен өтінішті қабылдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтінішін қарау. | Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау. | Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтініші түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтінішті қарайды, және ХҚО-на мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды. |
4 | Аяқталу нысаны | Беру | | Жауапты орындаушысы және орындалу мерзімі көрсетілген бұрыштама қойылған (қарар шығарылған) құжаттар. | | |
5 | Орындалу мерзімі | 20 минут | 1 күн | 1 күн | 1 күн | 2 күн |
6 | Келесі әрекет нөмірі | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7 | Әрекет атауы және олардың сипаттамасы | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар беру. | Жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға алынған шетелдік рұқсаттарды ХҚО-на қағаз тасушы арқылы беріп жіберу. | Қол қою. | | |
8 | Аяқталу нысаны | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар. | | Қол қойылған отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар. | | |
9 | Орындалу мерзімі | 10 минут | 1 күн | 1 күн | | |
1/1. кестесі ҚФБ қызметінің сипаттамасы (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
| Негізгі үдеріс қызметі |
1 | Қызмет № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | ҚФБ атауы | ХҚКО қызметкері | Комитеттің кеңсесі | Комитеттің басшысы, немесе оның орынбасарлары | Комитеттің басқармасы бастығы | Комитеттің басқармасының маманы |
3 | Әрекет атауы және олардың сипаттамасы | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарын алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарын алу үшін қажетті құжаттар тізбесін және өтінішті қабылдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарын алу өтінішін қарау. | Ұсынылған құжаттар сәйкестігін қарау. | Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтінішінің түскеннен бастап екі жұмыс күн ішінде қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚО-на жолдайды. |
4 | Аяқталу нысаны | Беру | | Жауапты орындаушысы және орындалу мерзімі көрсетілген бұрыштама қойылған құжаттар. | | |
5 | Орындалу мерзімі | 20 минут | 1 күн | 1 күн | 1 күн | 2 күн |
6 | Келесі әрекет нөмірі | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7 | Іс-қимылдың атауы және олардың сипаттамасы | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар беру. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға берілген шетелдік рұқсаттарды қағаз тасушы арқылы ХҚО-на жолдау. | Қол қою. | | |
8 | Аяқталу нысаны | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарына шетелдік рұқсаттар. | | Қол қойылған отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттары. | | |
9 | Орындалу мерзімі | 10 минут | 1 күн | 1 күн | | |
2. Кесте Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс. (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Негізгі үдеріс |
ХҚКО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның бастығы, не (немесе) оның орынбасарлары | Уәкілетті органның бөлім бастығы | Уәкілетті органның бөлім маманы |
Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу, уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесін және өтінішті қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсатты, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін өтінішті қарау. | Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау. | Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтініші түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтінішті қарау. |
Беру | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды қағаз тасушы арқылы ХҚКО-на беріп жіберу. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттарға қол қою. | | |
2/1 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс. (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Негізгі үдеріс |
ХҚКО қызметкері | Комитет кеңсесі | Комитет басшысы, немесе оның орынбасарлары | Комитет басқармасы бастығы | Комитет басқармасының маманы |
Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу, уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесін және өтінішті қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін өтінішті қарау. | Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау. | Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтініші түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтінішті қарау. |
Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды қағаз тасушы арқылы ХҚКО-на беріп жіберу. | Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарға қол қою. | | |
3. Кесте Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс. (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Баламалы үдеріс немесе кеңейту |
ХҚКО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның бастығы, не (немесе) оның орынбасарлары | Уәкілетті органның бөлім бастығы | Уәкілетті органның бөлім маманы |
1. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу, уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | 2. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесін және өтінішті қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады. | 3. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін өтінішті қарау. | 4.Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау. | 5. Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтініші түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтінішті қарау. |
1-1. Құжаттар тізбесін толық емес ұсынған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабымен құжаттар қайтарылады. 7-1. Өтініш берушіге отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытынды беріледі. | 7. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытындыны ХҚКО-на жіберіледі. | 6. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытындыға қол қою. | | |
3/1. Кестесі Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс. (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Баламалы үдеріс немесе кеңейту |
ХҚКО қызметкері | Комитеттің кеңсесі | Комитеттің басшысы, немесе оның орынбасарлары | Комитет басқармасының бастығы | Комитет басқармасының маманы |
1. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен өтінішті қабылдау, өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу, уәкілетті органға өтінішті және толық құжаттар тізбесін жолдау. | 2. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесін және өтінішті қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен күні көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады. | 3. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат алу үшін өтінішті қарау. | 4. Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау. | 5. Маман отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар алу өтініші түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтінішті қарау. |
1-2. Құжаттар тізбесін толық емес ұсынған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауабымен құжаттар қайтарылады. 7-1. Өтініш берушіге отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытынды беріледі. | 7. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тарту жөніндегі жазбаша қорытындыны ХҚКО-на жіберіледі. | 6. Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша қорытындыға қол қою. | | |
«Қазақстан Республикасы ратификацияланған
халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына
шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп
өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша
Өзара әрекет етудің функционалдық диаграммасы (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі |
ХҚКО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның бастығы, немесе оның орынбасарлары | Уәкілетті орган бөлімінің бастығы | Уәкілетті орган бөлімінің маманы |
Өзара әрекет етудің функционалдық диаграммасы (отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісі |
ХҚКО қызметкері | Комитеттің кеңсесі | Комитет басшысы, немесе оның орынбасарлары | Комитет басқармасы бастығы | Комитет басқармасының маманы |