• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.12.2001 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1247
"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін. 
2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
                               Қазақстан Республикасы               
                                      Үкіметінің 1999 жылғы
                                       26 тамыздағы N 1247
                                      қаулысымен бекітілген
     Республикалық бюджет қаражаты есебінен            адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу                   және қорғау мен өкілдік етуге             байланысты шығыстарды өтеудің ережелері 
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес заң көмегiне ақы төлеуден босатылған адамдарға (азаматтарды заң консультациясының меңгерушiсi және адвокаттық кеңсенiң құрылтайшысы немесе заңды тұлғаны тiркемей жеке өзi адвокаттық қызметпен айналысып жүрген адвокат ақы төлеуден босатқан жағдайлардан басқа) адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу қылмыстық iс жүргiзушi орган қаулысының және сот ұйғарымының (бұдан әрi - тиiстi орган) негiзiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.