• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1683

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1110 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 384-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерiнде: 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  114 және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 
Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады. 
Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады."; 
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады."; 
5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған  жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі."; 
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшiндегi заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi. 
Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды."; 
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң  68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі."; 
8-тармақтың төртiншi абзацындағы "ұйымдарының" деген сөз "мекемелерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын; 
9-тармақтағы "тиісті органның" деген сөздер "республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөнiндегi құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi"; 
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"11. Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттiк қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады.";
12-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 

"Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады".
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
     
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі