Toggle Dropdown
3
Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7444 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 12.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған нотариустың үй-жайы талаптары бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Имашев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 29 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2
2. Нотариустың үй-жайы аумақтық нотариаттық палатамен белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс.
Toggle Dropdown
Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді.
Toggle Dropdown
3. Нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыратын бір ғана үй-жайы болады.
Toggle Dropdown
Бір үй-жайда бір немесе олар Заңның 15-бабы 4-тармағына талаптарын және осы Талаптарды сақтаған жағдайда бірнеше нотариустар жұмыс істей алады.
Toggle Dropdown
4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, көлік жанармай станцияларында, көлік жуу орындарында, монша кешендерінде, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде, сауда орталықтары (дүкендер), базарларда (автокөлік базарында), контейнерлерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Ғимараттың кіретін жерінде осы ғимаратта нотариустың бар екендігі және оның жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинеттен, сонымен қатар келушілер күтетін нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлмелерден (холл) тұрады.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке бөлме болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлек бөлме болған жағдайда, жоғалуға жол бермеу және нотариаттық іс жүргізуге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, келесі жағдайлар:
Toggle Dropdown
оқшаулық;
Toggle Dropdown
үй-жайында (бөлмеде) газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиіс;
Toggle Dropdown
үй-жайдың (бөлменің) сыртқы есіктеріне металл парақ қағылады және берік ысырмалары болады;
Toggle Dropdown
күзет және өртке қарсы жүйелері болуы тиіс. Орналасуы сырттан кіруге мүмкіндік беретін терезелерге металл торлар орнатылады.
Toggle Dropdown
істерді сақтауға және орналастыруға негізгі сақтау құралдарының болуы: стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады. Олар оттан қорғайтын құралдармен өңделген кезде ағаш стеллаждарды қолдануға рұқсат етіледі. Құжаттарды сақтаудың қосалқы құралдары ретінде металл шкафтар, сейфтер қолданылады;
Toggle Dropdown
Құжаттардың түрлеріне, форматына және басқа да сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес сақтаудың алғашқы қорғау құралдарын (мұрағат қораптарын, папкаларды, арнайы қаптарды, пакеттерді) пайдалана отырып орналастырылады;
Toggle Dropdown
жарық режимін үнемдеуді сақтау (жасанды немесе табиғи). Табиғи жарық терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілері, перделер немесе боялған әйнектерді қолдану арқылы шашыраңқы жарық ретінде түсірілуге рұқсат етіледі. Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын шамдар қолданылады. Жарық шұғылыса ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминисцентті лампалар қолдануға рұқсат етіледі;
Toggle Dropdown
температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау құрылады.
Toggle Dropdown
Нотариустың үй-жайы басқа нотариуспен бір офис үй-жайында орналасқан жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын кабинеттер мен нотариаттық өндірісті сақтауға арналған үй-жай саны нотариустардың саны бойынша болуы тиіс немесе нотариаттық іс өндірістерінің бір бөлмеде бөлек құлыптанатын темір шкафтарға сақталынуына жол беріледі.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс өндірісін келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) сақтауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды еденге, терезе алдына, тепкішек алаңдарына немесе реттелмеген бумаға қоюға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
6. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған кабинет нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Кабинет мөрді, мөртабан, нотариустың арнайы бланкілерін сақтайтын сейфпен жабдықталады.
Toggle Dropdown
Келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) ыңғайлы көрінетін жерде нотариус, қабылдау кестесі, аумақтық нотариаттық палата туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны), нотариаттық іс-әрекетті жасау үшін заңда белгіленген тарифтер, тарифті төлеу жөнінде заңмен белгіленген жеңілдіктерге қатысты азаматтар санатының тізбесі және нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін төленетін мемлекеттік баж туралы ақпарат орналасуы тиіс.
Toggle Dropdown
7. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
Toggle Dropdown
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Жекеше нотариус үй-жайдың сақталуын қамтамасыз ету және мүліктің ұрлануының немесе жоғалуының алдын алу мақсатында үй-жайға жұмыстан тыс уақытта қол жеткізуді болдырмау, нотариаттық іс өндірісінің сақталуы, нотариустың мөрі мен бланкілерінің сақталуы жөнінде шараларды қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және күзететін ғимараттарда құжаттарды сақтау үшін үй-жайды жалға алған кезде жалға алынған үй-жай күзетпен және өртке қарсы сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етіледі.