• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050 Жарлығы

Редакция 23.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.05.2023 жылғы № 227 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттiк мекеме - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет), оған таратылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары және мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiгi берiле отырып, құрылсын.
  • 1
2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.10.2017 жылғы № 563 Жарлығына сәйкес (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада: 
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу         жөнiндегi комитет                                     107 
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу         жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдары               534"; 
"Қазақстан Республикасы Прокуратурасының         қарауындағы мемлекеттiк мекемелер 
Құқықтық статистика және ақпарат орталығы             641" деген жолдар алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi: 
1) өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 
2) Комитет қызметiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен қамтамасыз етсiн; 
3) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2003 жылғы 28 наурыздағы
 N 1050 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
  • 1
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.06.2011 жылғы № 105 Жарлығымен (28.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.10.2017 жылғы № 563 Жарлығымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 07.08.2018 жылғы № 727 Жарлығына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (07.08.2018ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2020 жылғы № 332 Жарлығына сәйкес
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.05.2023 жылғы № 227 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк органның функциялары мен өкiлеттiктерін жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2.  Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.  Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ және басқа тілдерде өз атауы бар мөрлерi және мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.  Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түceді.
5.  Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.  Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.  Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, 34.
9.  Комитеттiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi» мемлекеттiк мекемесi.
10.  Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
11.  Комитеттiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12.  Комитеттiң өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттіліктері
13.  Міндеттері:
1)  мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық қағидаттар мен стандарттардың негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жай-күйi туралы тиiмдi және жеткiлiктi түрде ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
2)  мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру және дамыту.
14.  Өкілеттіктері:
1)  құқықтары:
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелер бойынша құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жасау және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты өтеусіз алу;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінен бастапқы есепке алу және есептілік актілерінің толық және анық болуын, оларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде ұсынуды талап ету;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыруға және арнайы есепке алуды жүргізуге байланысты емес қызметіне араласпастан, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізу;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленетін, сондай-ақ Бас Прокурор белгілейтін тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;
ақпараттық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен құқықтық статистикалық ақпаратқа қолжетімділікті беру;
статистикалық жинақтарды шығаруды ұйымдастыру және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін өзгеше түрде пайдалану;