Bestprofi Logo

Жарлық № 806 от 2002-02-11г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2004 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 11 ақпан N 806

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 31.03.2004 жылғы №1327 Жарлығына сәйкес

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 345 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

1-тармақ өзгертілді өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2002 жылғы № 939 Жарлығымен (08.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығы;

2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391 Жарлығы;

3) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы;

4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 542 Жарлығы.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 08.05.2002 жылғы № 868 Жарлығымен (11.02.2002 ж. редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2002 жылғы № 939 Жарлығымен (08.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 16.05.2003 жылғы № 1094 Жарлығымен (29.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)

Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі

Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание