• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 Қаулысы       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 наурыздағы
 № 414 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдау – бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.
1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері 2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
2011 жылы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
Осы кезеңде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15%-ы) 2,3 млн. адамын құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7%), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20,0%-ын құраған.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерістерінің: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану негізгі сипаттары болып табылады.
1) спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;
2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
3) халықтың қажеттілігін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне әкелді.
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 жылдың өзінде 18 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, оларға 4,1 млн-нан. астам адам қатысты.
Өткен төрт жыл кезеңінде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.
2011 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіру күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары», «Жастар ойыны» бір уақытта басталды.
Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, олар бүгінгі күні 208,4 мыңнан астам адам шұғылданады (2010 жылы – 166 мыңнан астам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде Тоғызқұмалақтан бірінші әлем чемпионаты, бірінші «Жастар ойыны», бірінші Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарында ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамын құру болып табылады.
6769 жалпы білім беру мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98%-ын құрайды. Республиканың 48 жоғарғы оқу орнында спорт клубтары ашылған.
Елде спорт секцияларында дене шынықтыру ұжымдары 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 33,0%-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам ден шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1725 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 164 спорт түрінен кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады.
Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні байқалғанын атап өту қажет.
Елімізде халықтың 3%-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45% адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 15,5 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 7,7%-ды құрайды (2010 жылы – 6,5%).
Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.
Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
2011 жылы спорт ғимараттарының саны бүкіл республика бойынша 32 816 бірлікті құрады, олардың ішінде 21 177 бірлік ауылдық жерде орналасқан. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1 550 бірлікке артық, оның ішінде:
1) жүзу бассейндерінің саны 12 бірлікке артты (2009 жылы - 222, 2010 жылы – 231, 2011 жылы – 243);
2) спорт залдарының саны 199 бірлікке артты, 2010 жылы 7 133 бірлік болса, 2011 жылы 7 332 бірлікті құрады;
3) теннис корты 40 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 276 болса, 2011 жылы – 316-ны құрады.
4) 2011 жылы хоккей корты 100 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 423 болса, 2011 жылы – 523-ті құрады.
Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде қазіргі заманғы спорт объектілері салынды. Алматыда «Медеу», «Шымбұлақ» және сырғанау мұз айдынын жапсарлас салу арқылы Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы толық қайта жаңартылды. Республикада 30 мың орны бар «Астана – Арена» жабық футбол стадионы салынды, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Қазақстан» спорт сарайы жанында тегістелген мұз айдыны, «Алау» коньки тебу стадионы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешендерінің стадионы, Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені салынды.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар, республикадағы бұқаралық спортты дамытуды тежеп отырған проблемалар да бар:
1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
1) ауылда спортты дамыту проблемасы, ең алдымен материалдық-техникалық базаның жоқтығынан ерекше өзекті болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт залдарының тек 20,0 %-ында барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар;
2) спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың жетіспеуі де сезіледі.
2. Бұқаралық спорттың нашар дамуы. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары дерлік жоқ. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өзекті болып отыр. Қазіргі спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып отыр. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті болып отыр.
3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы:
ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте барлығы 784 әдіскер жұмыс істейді, ол 12,0%-ды құрайды.