1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының штат саны орта және аға басшы құрам қызметкерлерi оларды ұстауға жұмсалатын тиiстi шығыстармен бiрге 1500 адамға қысқартылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 қыркүйектегi N 4073 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының штат саны орта және аға басшы құрам қызметкерлерi оларды ұстауға жұмсалатын тиiстi шығыстармен бiрге 1500 адамға қысқартылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң штат саны тиiстi шығыстардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң офицерлiк құрамдағы әскери қызметшiлерiнiң 1000 адамға қысқартылған, Бас Прокуратураның 500 қызметкерге қысқартылған, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының орта және аға басшы құрамдағы қызметкерлерiнiң 1500 адамға қысқартылған штат санының есебiнен 4100 адамға өсiрiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi әуежайлар мен темiр жол станцияларында орналасқан кеден органдарына кедендiк бақылауды ұйымдастыру үшiн 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қызметтiк үй-жайлар бөлу туралы мәселенi заңдарда белгiленген тәртiппен шешсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1999 жылдың аяғына дейін сметаларда 34 бақылау-өткізу пункттерінің, 78 модульдық үлгідегі құрастырмалы үйлердің құрылысын аяқтауға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін, оның 90 млн. теңгесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің жаңадан бөлінген әкімшілік ғимаратын қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағыттасын.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.11.1999. № 1753 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып бiр ай мерзiм iшiнде жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарлары мен көлiк құралдарын мiндеттi декларациялаудың тәртiбiн белгiлесiн.
6. Облыстардың және Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы автоөтпелер ұйымдастырылған жерлерде бақылау-өткiзу пункттерiн салуға заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарусыз негiзде жер учаскелерiн бөлетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң орталық аппаратының штат санының лимитi 204 адам болып белгiленсiн.
8.
#$8-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 25.02.1999. № 173 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 қаулысына 1-қосымша
Кеден органдары үшiн қызметтiк үй-жай бөлiнуге тиiстi әуежайлардың ТIЗБЕСI
1. "Алматы әуежайы" АҚ
Орналасқан жерi: Алматы қаласы
2. "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Ақтөбе қаласы
3. "Ақмола әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Ақмола қаласы
4. "Ақтау халықаралық әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Ақтау қаласы
5. "Атырау әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Атырау қаласы
6. "Эйр Жезқазған" АҚ А/К
Орналасқан жерi: Жезқазған қаласы
7. "Балқаш әуежайы"
Орналасқан жерi: Балқаш қаласы
8. "Сарыарқа әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Қарағанды қаласы
9. "Қостанай әуежайы"
Орналасқан жерi: Қостанай қаласы
10. "Көкшетау әуежайы" АҚ
Орналасқан жерi: Көкшетау қаласы
11. "Петропавл әуежайы" АҚ
Орналасқан жерi: Петропавл қаласы
12. "Ертiс Авиа" АҚ
Орналасқан жерi: Павлодар қаласы
Орналасқан жерi: Қызылорда қаласы
14. "Семей Авиа" АҚ
Орналасқан жерi: Семей қаласы
15. "Тараз қанаттары" ААҚ
Орналасқан жерi: Тараз қаласы
16. "Ақжол халықаралық әуежайы" ААҚ
Орналасқан жерi: Орал қаласы
17. "Үлбi " ААҚ
Орналасқан жерi: Өскемен қаласы
18. "Шымкент әуежайы" АҮАҚ
Орналасқан жерi: Шымкент қаласы
19. "Жетiсу" АҚ
Орналасқан жерi: Талдықорған қаласы
20. "Арқалық әуежайы"
Орналасқан жерi: Арқалық қаласы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 қаулысына 2-қосымша
Кеден органдары үшiн қызметтiк үй-жай бөлiнуге тиiстi темiр жол станцияларының ТIЗБЕСI
Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы
1. "Әлiмбетов" станциясы
2. "Союзное" станциясы
3. "Жайсаң" станциясы
Атырау облысы бойынша
4. "Құрманғазы" станциясы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы
5. "Үбi" станциясы
6. "Защита" станциясы
Жамбыл облысы бойынша кеден басқармасы
7. "Шу" станциясы
8. "Құлан" станциясы
Батыс облысы бойынша кеден басқармасы
9. "Жәнiбек" станциясы
10. "Тасқала" станциясы
11. "Орда" станциясы
12. "Шыңғырлау" станциясы
13. "Жайық" станциясы
Қостанай облысы бойынша кеден басқармасы
14. "Бескөл" станциясы
15. "Заятский" станциясы
16. "Комсомолец" станциясы
17. "Пресногорьков" станциясы
Маңғыстау облысы бойынша кеден басқармасы
18. "Бейнеу" станциясы
Павлодар облысы бойынша кеден басқармасы
19. "Уәлиханов" станциясы
20. "Краснов" станциясы
21. "Шарбақты" станциясы
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы
22. "Булаево" станциясы
23. "Мамлютка" станциясы
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы
24. "Жетiсай" станциясы
25. "Сарыағаш" станциясы
26. "Ильич" станциясы
27. "Қызылту" станциясы
Семей кеденi
28. "Локоть" станциясы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Кеден кiрiстерi басқармасы
Кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы
Энергия ресурстарын кедендiк бақылау жөнiндегi басқарма
Контрабанда және кеден ережелерiн бұзушылыққа қарсы күрес жөнiндегi басқарма
Жеке қауiпсiздiк басқармасы
Кедендiк бақылау мен режим басқармасы
Құқықтық басқарма
Жедел-талдау басқармасы
Сыртқы байланыстар басқармасы
Күрделi құрылыс пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп, есептiлiк және бақылау басқармасы
Кадрлар және оқу орындары басқармасы
Автоматтандыру және кедендiк статистика басқармасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |