Toggle Dropdown
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4991 болып енгізілді.
Редакция 29.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес транскрипттің нысаны;
3) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім алушының студенттік билетінің/қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасының (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін) нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес магистрант куәлігінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес докторант куәлігінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқу үшін тестіленушінің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәліктің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштің нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштің (жоғары білім беру) нысаны;
12) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштің (жоғары білім беру) нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес магистратураға түсуге кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштің нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тестіленушінің кешенді тестілеу нәтижесінің нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін тестіленушінің кешенді тестілеу нәтижесінің нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік білім беру грантын (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) беру конкурсына қатысу үшін өтініштің нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес білім беру грантын (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) беру конкурсына қатысу үшін өтініштің нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәліктің;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары үшін тестіленушінің кешенді тестілеу нәтижесінің нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары үшін тестіленушінің кешенді тестілеу нәтижесінің нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес тестіленушінің шет тілі бойынша түсу емтиханы нәтижесінің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын бітірушісінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыру кезінде алынған ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны бекітілсін;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін өтініш нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес халықаралық сертификат балдары ұлттық бірыңғай тестілеу балдарына ауыстырылған тестіленушінің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушінің түсу емтиханы нәтижесінің нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес тестіленушінің ағылшын тілін білуіне арналған қосымша тестілеу нәтижесінің нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес ҚАЗТЕСТ сертификатының балдары ұлттық бірыңғай тестілеу балдарына ауыстырылған кезде алынған тестіленушінің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушінің түсу емтиханы нәтижесінің нысаны.
2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 969 "Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2007 жылғы 23 қазандағы
№ 502 бұйрығына
1-қосымша
Диплом бланкілерін есепке алу
ЖУРНАЛЫ
|
Түсуі
|
|
Түскен мерзімі
|
Ілеспе құжаттың нөмірі
|
Қайдан түсті
|
Дана саны
|
Бланкілердің сериясы мен нөмірі
|
|
|
|
|
|
|
|
Беру
|
|
Берілген күні
|
Берілетін құжаттың күні мен нөмірі
|
Кімге берілді
|
Дана саны
|
Бланкілердің сериясы мен нөмірі
|
Алғаны туралы қолы
|
Ескерту (жойылғаны туралы және т.б. туралы белгі)
|
|
Бөлімшенің атауы
|
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2007 жылғы 23 қазандағы
№ 502 бұйрығына
2-қосымша
____________________________________________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы/
_____________________________________________________________________
name of organizations of higher and (or) postgraduate education/
_____________________________________________________________________
наименование организации высшего и (или) послевузовского образования
_____________________________________________________________________
Транскрипт/Transcript/Транскрипт Серия №