Осы редакция 27.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 Қаулысы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде:
алтын медаль үшін - 13000 АҚШ доллары;
күміс медаль үшін - 10000 АҚШ доллары;
қола медаль үшін - 6000 АҚШ доллары;
қысқы, жазғы Азия ойындарында: