• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1097 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1345 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №а 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекiтiлсiн:
1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 15000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 7000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қысқы, жазғы Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
2) олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
қысқы, жазғы Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 2000 АҚШ доллары;
3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
алтын медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 700 АҚШ доллары.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов