| № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ІІМ | 4-тоқсан |
| 2 | Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, СІМ | 1-тоқсан |
| 3 | Әділ сотқа қарсы құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі шараларды күшейту туралы ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша) | 1-тоқсан |
| 4 | Мамандандырылған қылмыстық соттарды құру және оларды сот жүйесінің объектілеріне қойылатын талаптарға жауап беретін әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мәселесін қарау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 1-тоқсан |
| 5 | Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ЭҚЖҚКА (келісім бойынша) | 2-тоқсан |
| 6 | Жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін реттеу мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық базаны дайындау | Үкіметтің қаулылары және СӘК төрағасының бұйрығы | СӘК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
| 7 | «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
| 8 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
| 9 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | БП (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
| 10 | «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 2-тоқсан |
| 11 | «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ | қыркүйек |
| 12 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ | қыркүйек |
| 13 | «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Конституциялық заң жобасы | ЖС (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
| 14 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ММ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, АШМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
| 15 | «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ЕХӘҚМ | 3-тоқсан |
| 16 | Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен. |
| 17 | Жергілікті соттарда ақпараттық дүңгіршектер енгізу жөніндегі мәселені қарау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша), ЭДСМ | 3-тоқсан |
| 18 | Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ҰҚК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
| 19 | Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту | Үкіметке ақпарат | Әділетмині, ММ, мүдделі мемлекеттік органдар | 3-тоқсан |
| 20 | Мәмілелерді жасауда, оның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған осындай мәмілелерге уәкілетті органның тарапынан бақылауды күшейту бөлігінде мүдделілік бар мәмілелерді жасау тәртібін жетілдіру | Үкіметке есеп | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
| 21 | Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасалуын және инсайдерлік ақпараттың таралуын бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
| 22 | Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жүзеге асыратын инвесторлардың өз қызметі туралы ақпаратты жариялау деңгейін арттыру мүмкіндігін қарастыру | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
| 23 | Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
| 24 | Интернет желісі арқылы сақтандыруды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
| 25 | Мемлекеттік билік деңгейлері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы қызметтерді одан әрі ұтымды және дәл бөлу жөніндегі шараларды пысықтау | Үкіметке есеп | ЭДСМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
| 26 | Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту мақсатында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу | Үкімет қаулысы | ЭДСМ МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині | 4-тоқсан |
| 27 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу | Үкіметке есеп | МҚІА (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
| 28 | Қолданыстағы заңнаманы жүйелеу | Үкіметке есеп | Әділетмині | 4-тоқсан |
| 29 | Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу | Жарлық жобасы және МҚІА төрағасының бұйрықтары | МҚІА (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
| 30 | Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | Үкімет қаулылары және ТМРА төрағасының бұйрықтары | ТМРА | 4-тоқсан |
| 31 | Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
| 32 | Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | ККА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 4-тоқсан |
| 33 | Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бағалау стандарттарын әзірлеу | Әділет министрінің бұйрықтары | Әділетмині | 4-тоқсан |
| 34 | Әлеуметтік салада зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу | Үкімет қаулылары | Еңбекмині, | 4-тоқсан |
| 35 | Табиғатты ұтымды пайдалануды ынталандыруға және экологиялық нормативтерді сақтауға, экологиялық таза өндірістерді және азаматтардың экологиялық жағынан қауіпсіз жүріп-тұруын дамытуға бағытталған экологиялық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | Қоршағанортамині, АШМ, | 4-тоқсан |
| 36 | Әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау ережесін әзірлеу | Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 4-тоқсан |
| 37 | Қазақстан Республикасының сыртқы барлау органдарының қызметін жетілдіру | Жарлық жобасы және Үкімет қаулылары | Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
| 38 | Жергілікті соттарда сот процестерін аудио-бейне жазып алу жүйелерін енгізу, жергілікті соттарда және сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінде «Сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін» енгізу. Мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот жүйесінің ақпарат кеңістігін мүдделі мемлекеттік органдармен біріктіру | Үкіметке есеп | ЖС (келісім бойынша), СӘК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
| 39 | Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен. |
| 40 | Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру | Үкіметке есеп | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
| 41 | Заңдық білім беру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау | Үкіметке есеп | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
| 42 | «Студенттік омбудсмен» жобасын іске асыру | Үкіметке ақпарат | БҒМ | 4-тоқсан |
| 43 | Адамның бас бостандығын және меншікке қол сұғылмаушылықты сотқа дейін шектеуге байланысты қылмыстық-іс жүргізуге мәжбүрлеудің жекелеген шараларын санкциялауды соттың құзыретіне кезең-кезеңімен беру туралы ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ұсыныс | ЖС (келісім бойынша), ЭСЖҚКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), IIM, БП (келісім бойынша), Қаржымині, Әділетмині, ЭДСМ | 4-тоқсан |