Bestprofi Logo

Қаулы № 436 от 2003-05-08г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2016 г.

Документ на казахском языке

"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 14.01.2016 жылғы № 13 Қаулысына сәйкес

"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.11.2012 № 1416 (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (08.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;

2) инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі;

3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт

Келісім-шарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.11.2012 № 1416 (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (08.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Осы Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт, бұдан әрі Тараптар деп аталатын

_____________________________ негізінде әрекет ететін

_____________________________________________________________ атынан

(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның аты, әкесінің аты)

________________________________________(бұдан әрі — уәкілетті орган)

және ________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғы немесе сенімхат)_______________________________________ атынан

(басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________ жобаны іске асыруды жүзеге асыратын (инвестициялық) (бұдан әрі - инвестор) арасында жасалды

_____________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасы қызметтің басым түрлерінде жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғанын;

2) уәкілетті органға тікелей инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін;

_____________________________________________________________________

іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, уәкілетті орган және инвестор төменде көрсетілгендер туралы осы инвестициялық келісімшартты жасасты.

1. Осы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) инвестициялық келісімшарт — инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;

2) кірістер - пайданы, дивидендті және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, олар төленетін нысанға қарамастан инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кірістер;

3) материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кірісті алу үшін ұзақ мерзімді кезең ішінде (бір жылдан астам) пайдаланылатын материалдық емес объектілер;

4) форс-мажор - инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);

5) үшінші тұлға - инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;

6) жұмыс бағдарламасы - өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын инвестициялық шартқа 1-қосымша;

7) инвестициялық басым жоба - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;

8) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына етеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі.

2. Осы бөлімде түсіндірмесі жоқ ұғымдардың «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және инвестициялық преференциялар мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілердегі ұғымдарға сәйкес келетін мағынасы бар.

3. Осы инвестициялық келісімшарттың мәні инвесторға инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

1) инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба)бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

технологиялық жабдықты және олардың жинақтауыштарын импорттау кезінде осы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес ____________ мерзімге кедендік баждар салудан босату;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание