Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 642 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 159-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау Заңға және осы Шартқа сәйкес жүргізіледі:
1) егін толық жойылған жағдайда зиян мөлшері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өсірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің қолайсыз табиғат құбылысы әсер ететін осы өнім түрін өсіру алаңына көбейтілген мөлшері ретінде анықталады;
толық жойылған жағдайда ЗМ = (ШН * S га);
S - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң;
ЗМ - зиян мөлшері;
ШН - шығындар нормативі;
2) егін ішінара жойылған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңнан жиналған өнім көлемі астық жинау кезінде міндетті бағалауға жатады. Бұл ретте кіріс мынадай тәртіппен есептеледі:
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғаннан кейін нақты кіріс бойынша;
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғанға дейін бағалау кірісі бойынша;
егер алынған астық ішінара сатылса және астықтың сатылмаған бөлігі бар болса, онда осы Шарттың 21-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес;
ішінара жойылған кезде ЗМ = (ШН - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңның 1 га-дан алынатын кіріс) * S га (қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң).".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |