• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

1

Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1180 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.04.2015 жылғы № 485 Бұйрығын қараңыз
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 қыркүйектегі
 № 1180 қаулысымен
 бекітілген
1
Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері
1. Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді ұсыну нысаны: 
 
р/с № Іс-шараның атауы Іс-шараны өткізу мерзімі Іс-шараның нәтижесі Қаржылық шығындар Іс-шараны өткізу мерзімділігі Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7







2. Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді ұсыну мерзімдері:
орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына қарай энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.