Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6395 болып енгізілді
Тақырып өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 30.06.2014 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ж. Айтжанова
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі
Іріктеу тәртібі өзгертілді ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 12.07.2012 жылғы № 214 Бұйрығымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 01.10.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi - ҚЭН) әзiрлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ iрiктеуi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрленген және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың ҚЭН мазмұнын, әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмiн, сондай-ақ iрiктеу тәртiбiн айқындайды.
2. Ережелерде мына негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
1) дамуының стратегиялық құжаты - Ұлттық басқарушы компанияларының, ұлттық холдингтерiнiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, сондай-ақ квазимемлекеттiк секторының басқа да субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын өңдеу мен бекiту бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте бекiтiлген ұлттық басқарушы компанияларының, ұлттық холдингтердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте бекiтiлген квазимемлекеттiк секторының басқа да субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;
2) Инвестициялар - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттiк инвестициялар;
3) Инвестицияларды Алушы - жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражатты түпкiлiктi алушы болып табылатын, Инвестициялар есебiнен iс-шараларды iске асыратын заңды тұлға;
4) компонент - iс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлiгi;
5) қаржылық схема - қатысушылар арасындағы бюджеттiк ақшаның ағыны;
6) қатысушылар - Инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
7) ҚЭН-ді түзету - iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға немесе қысқартуға әкеп соғатын, Инвестициялардың белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлерiнің өзгеруі;
8) маркетингтiк орта - Инвестицияларды алушының қызметi жүзеге асырылатын және нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастықтың қатынасын белгiлеу және қолдау мүмкiндiктерiне ықпал ететiн белсендi ұйымдардың және шарттардың жиынтығы;
9) нәтижелiлiк - Инвестициялардың экономикалық және қаржы тиімділігінің, сонымен қатар тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері болған жағдайда, есептермен расталған дәйектемелердің болуы;
10) негiздiлiк - әрбiр құрамдауыш бөлiнiсiнде iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкiн еместiгiнiң құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерiнiң болуы;
11) орындылық - Инвестициялардың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына ықпалының негiздемесi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі;
12) өнiм - материалдық-заттай (материалдық өнiм) немесе материалдық емес (зияткерлiк өнiм) нысанында, немесе жұмыстар мен (немесе) қызметтер түрiнде, соның iшiнде қаржылық, берiлген шаруашылық қызметiнiң нәтижесi;
13) тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы және/немесе Инвестицияларды Алушының белгілі бір мөлшердегі және сападағы өнімді өндіруі;
14) түпкiлiктi нәтиже - тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi және (немесе) сапасының, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi);
15) iс-шара - заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе жарғылық капиталын қалыптастыруға бастама жасайтын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң (бұдан әрi – Әкiмшi) стратегиялық жоспарының жобасында немесе бюджеттік бағдарламада көзделген нәтижелiлік өлшемдеріне жетуіне бағытталған және аяқталған түрі бар, ҚЭН шеңберiнде орындалатын өзара байланысты iс-қимылдар кешенi.
2. Инвестициялар ҚЭН-iнiң мазмұны, әзiрлеу немесе түзету тәртiбi және мерзiмi
1-параграф. Инвестициялардың ҚЭН-iн мазмұнына қойылатын талаптар
3. ҚЭН-де Инвестициялардың орындылығын қуаттау, сондай-ақ жоспарланған iс-шаралардың негiздiлiк және нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестiгiн растау, ҚЭН іс-шараларының толық инвестициялық кезеңiне келтіріледі.
Егер, бiрнеше көздерден қаржыландыруды көзделінетiн болса, ҚЭН-де Инвестициялар сомаларының негiздемесiн бөлiп көрсете отырып, бүкіл іс-шаралардың орындылығы және негiздiлiк пен нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестілігі ашылады.
3-1. Егер қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың аналогы немесе үлгілік қолданылуы болмаса, қаржы-экономикалық негіздеме іс-шараларының толық инвестициялық кезеңі ескеріле отырып, соның салдарынан жоспарланған іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігін растау мүмкін болмаса, онда қаржы-экономикалық негіздемені кезең-кезеңмен әзірлеуге рұқсат етіледі.
1-параграф 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 11.12.2013 жылғы № 369 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Бұл ретте, ҚЭН-де жоспарланған іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі салалық сараптаманың қорытындысы негізінде жасалады.
Осы тармақтың талаптары қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.
4. ҚЭН мынадай құрылымға сәйкес келедi:
1) Инвестициялар паспорты;
2) «Ретроспектива» бөлiмi;
3) «Институционалдық» бөлiмi;
4) «Негiздiлiк» бөлiмi;
5) «Нәтиже» бөлiмi;
6) қосымшалар.
Мақсаттарды, міндеттерді, шешуші көрсеткіштерді, қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерді және ұйым туралы басқа да мәліметтерді ашу үшін орынды болған жағдайда ҚЭН басқа-да бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.
Егер ҚЭН бөлімдермен, бөлімдер тараулармен, тараулар параграфтармен толықтырылса, әр қосымша ретінде ұсынылған бөлімнің және (немесе) тараудың, және (немесе) параграфтың сәйкес белгілеуі («бөлім», «тарау», «параграф»), сондай-ақ аталуы болуы керек.
5. Инвестициялар паспорты осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
6. «Ретроспектива» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес болады:
1) «Бюджеттік бағдарламалар» параграфы, онда Инвестициялар бұрын осыларға сәйкес жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар көрсетіледі, және ол осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеген жағдайда «Ретроспектива» бөлімі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеу себептері ашылып көрсетілетін «Себептер» параграфымен толықтырылады;
2) «Қатысушылардың қаржы жағдайын талдау» параграфы, онда қатысушылардың қаржы жағдайы, соның ішінде бар талаптар мен міндеттемелердің сомасы және сапасы туралы ақпарат көрсетіледі;
3) «Несие қоржыны» параграфы, егер Инвестицияларды Алушы қаржы ұйымы болса. Параграфта ҚЭН енгізудің алдындағы айдың соңындағы, соңғы үш жыл ішіндегі, жағдайы, қаржыландырудың әрбiр көзі (бюджеттік қаражаттар, меншікті қаражаты, үшінші жақтың несиелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қаражаттары) бөлінісінде Инвестицияларды Алушының несие қоржынының жағдайы туралы тоқсан сайынғы ақпарат келтіріледі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |