• Мое избранное
"Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 18 мамырдығы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 мамырда № 6962 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 30.06.2014 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарында (бұдан әрі – Талаптар):
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Инвестицияларды алушы – қаражатты жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін түпкілікті алушы болып табылатын, Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қатысушылар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) маркетингтік орта – Инвестицияларды алушының қызметі жүзеге асырылатын және нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастықтың қатынасын белгілеу және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілердің және шарттардың жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) нәтижелілік - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері болған жағдайда есептермен расталған дәйектемелердің болуы;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
3-2) негізділік – әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкін еместігінің құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерінің болуы»;
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
3-3) орындылық – ел (өңір) экономикасы мен саланың даму қажеттіліктерінің талдауын, сондай-ақ маркетингтің талдауды негізге ала отырып, ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негіздемесі;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) іс-шара – аяқталған сипатқа ие және құрылуы кезінде Субъектінің жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе жарғылық капиталын қалыптастыруға бастама жасайтын бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (бұдан әрі – Әкімші) стратегиялық жоспарының жобасында көзделген міндеттерді орындауға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар шеңберінде орындалатын өзара байланысты іс-қимылдар кешені;»;
9) тармақшадағы «Субъект» деген сөз алынып тасталсын;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар ҚЭН-інің мазмұны, әзірлеу тәртібі және мерзімі 1-параграф. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар
3. ҚЭН Инвестициялар сомасының негіздемесін, орындылығын және нәтижелерін бағауды қамтитын құжатты білдіреді.
ҚЭН-ді әзірлеуді Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеу кезеңінде Әкімші жүзеге асырады.
ҚЭН Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасында айқындалатын мақсатқа қол жеткізу үшін іске асыруға жоспарланатын әрбір жекелеген міндетті шешуге бағытталған іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.
4. ҚЭН-да Инвестицияларды алушының жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған Инвестициялардың орындылығын, негізділігін және нәтижелілігін ашатын ақпарат қамтылады.
5. ҚЭН-ді, сондай-ақ қосымша материалдарды, оның ішінде теріске шығаруды, қосымша дәйектемелерді не осы Талаптардың 32-тармағында айтылған ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Әкімшілер бірінші басшының не оны алмастыратын адамның не жауапты хатшының қолы қойылған титулдық бланкіде жеке ілеспе хатпен береді.
Ілеспе хатта ҚЭН атауы, мәлімделетін сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не жауапты хатшы қол қояды.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің ҚЭН әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір бетіне дәйектеп қол қояды.
6. Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізу үшін Әкімшіден ҚЭН келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚЭН-ді:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға тапсырады.
7. ҚЭН Инвестициялардың орындылық, негізділік, нәтижелілік өлшемдеріне сәйкестігін ашады.
8. ҚЭН мынадай құрылымға сәйкес келеді:
1) Инвестициялар паспорты;
2) «Ретроспектива» бөлімі;
3) «Институционалдық» бөлімі;
4) «Негізділік» бөлімі;
5) «Инвестициялардың орындылығы» бөлімі
6) «Нәтиже» бөлімі;
7) қосымшалар.
9. Инвестициялар паспорты осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
10. «Ретроспектива» бөлімінде Инвестициялар бұрын осыларға сәйкес жүзеге асырылған нормативтік құқықтық актілер, бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ талаптар мен міндеттемелер туралы ақпарат көрсетіледі.
«Ретроспектива» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес болады:
1) Инвестициялар бұрын осыларға сәйкес жүзеге асырылған «Бюджеттік бағдарламалар» параграфы және ол осы Талаптардың 
2-қосымшасына сәйкес нысанда Әкімшінің стратегиялық жоспарының әрбір міндеті бойынша жеке ұсынылады. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеген жағдайда «Ретроспектива» бөлімі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеу себептері ашылып көрсетілетін «Себептер» параграфымен толықтырылады;
2) «Талаптар» параграфы, онда:
ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына көрсетілген қаржылық қызметтер бойынша борышкерлерді қоса алғанда, сатып алушыларға, өзге де борышкерлерге қойылатын қолда бар талаптардың сапасы;
ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қалыптастырылған күмәнді талаптар және оларды талап ету жөніндегі жүргізілген жұмыстар бойынша резервтер;