Логистикалық жүйені құру және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 599 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
Логистикалық жүйені құру және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Транзитті дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 583 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 583 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1866 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 30 мамырдағы № 599 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Транзиттік саясат және көліктік логистика департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық хатшысы (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының активтерді басқару жөніндегі бас директоры (келісім бойынша)
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының логистика жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)
«Арамекс» компаниясының бас директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
«Глобаллинк» компаниясының президенті, директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Тәуелсіз консультант, Дублин қаласындағы халықаралық логистика институтыны мүшесі (келісім бойынша)
«KAZLOGISTICS» көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 599 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) логистикалық жүйені құру және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында құрылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін және логистикалық әлеуетін, оның ішінде толыққанды көліктік, саудалық және көп функционалдық логистикалық орталықтарды құру жолымен одан әрі дамыту;
2) шекарадан өту (кедендік ресімдеу, тарифтік саясат, салық салу, сақтандыру, лицензиялау, сертификаттау, стандарттау және т.б.) кезінде жүк тасымалдауға байланысты туындаған кедергілерді жоюға бағытталған логистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасындағы логистикалық жүйені дамытудың қолайлы үлгісін анықтау;
4) логистикалық объектілерді салу үшін республиканың ішкі және шекара маңы аумақтарында, сондай-ақ қолданыстағы әуежайлардың арасында оңтайлы жерлер мен аумақтарды анықтау;
5) мультимодальды тасымалдауларды және логистикалық қызметтер көрсетуді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның негізгі құқықтары
6. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы логистикалық жүйені тиімді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) сараптама мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан да, сол сияқты ұйымдардан да тиісті бейінді халықаралық және жергілікті мамандарды тартуға;
3) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) логистиканы дамыту мәселелері бойынша салалық қауымдастықтардың, мүдделі көліктік ұйымдардың және инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін жобалық-іске асыру топтарын ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды.
Төраға болмаған уақытта, оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
8. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2012 жылғы № 1342 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
10. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
11. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |