• Мое избранное
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 348 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 716 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
_______________                          ________________________
    (қала)                                 (күні: күні, айы, жылы)
Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын __________________ атынан
                    (жергілікті атқарушы органның атауы)
 ________________________________________ негізінде әрекет ететін
   (құжаттың атауы)
 ________________________________________________________________
 (жергілікті атқарушы орган өкілінің лауазымы)
 ________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын
 _________________________________________________________ атынан
        (заңды тұлғаның атауы, ЖД)
 ________________________________________ негізінде әрекет ететін
    (құжаттың атауы)
 басшы __________________________________________________________,
             (тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні:
1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1.1. Ұйымдастырушы жалпы пайдаланымдағы тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.
Маршрут нөмірi Маршруттың атауы Жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны
2. Тараптардың міндеттері
2.1. Тасымалдаушы:
2.1.1. Автокөлік құралдарының техникалық жарамды күйін қамтамасыз етуге және жай-күйі белгіленген техникалық, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес автокөлік құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
2.1.2. Автокөлік құралдары жүргізушілеріне алдын ала және кезеңділікпен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2.1.3. Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2.1.3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.4. Багаждың уақтылы тасымалдануын және сақталуын қамтамасыз етуге;
2.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;
2.1.6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде - өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға.
2.1.6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.7. Жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;
2.1.8. Жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;
2.1.9. Тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;
2.1.10. Тасымалдау үшін автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың осы шартта көзделген санын және типін (класын) пайдалануға.
2.1.10-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.11. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс кестесін сақтауға.
2.1.11-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.12. Белгіленген талаптарға сәйкес автобустарда, троллейбустарда, шағын автобустарда маршруттар көрсеткіштерінің, салондарда - жолаушылар үшін қажетті ақпарат тізбесінің болуын қамтамасыз етуге.
2.1.12-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.13. Автокөлік құралдарын шұғыл ден қоятын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтауға.
2.1-тармақ 2.1.13-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.14. Тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын қозғалыс жылдамдығы, маршрутының және кестесінің сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен жабдықтауға.
2.1-тармақ 2.1.14-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.1.15. Ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
2.1-тармақ 2.1.15-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.2. Ұйымдастырушы:
2.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2.2.2. Автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2.2.2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2.2.3. Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;
2.2.4. Күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалар бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
2-1. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар
Үлгі шарт 2.1-тараумен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1.1. Тасымалдаушы екі жылдан аспайтын уақыт өткен соң маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес жаңартуға міндетті.
3. Тараптардың құқықтары
3.1. Тасымалдаушы:
3.1.1. Ұйымдастырушыға тарифтерді және жолаушылардың жол жүру құнын, қозғалыс кестелерін өзгерту және маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған басқа да шаралар бойынша негізделген ұсыныстар беруге;
3.1.2. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
3.1.3. Жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге құқылы.
3.2. Ұйымдастырушы:
3.2.1. Осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде оларды жоюға тасымалдаушыны міндеттеуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.
4.1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:
маршрут тұрақтылығының төмендігі (айына жетпіс пайыздан кем);
Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кінәсінен адам өлімі орын алған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;
осы шарттың 2.1.1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;
үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын беру болып табылады.
жүргізушінің (жүргізушілердің) кінәсінен бір маршрутта адам өлімі болған жол-көлік оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;
осы шарттың 2-1.1-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.
Осы Шарт Конкурсқа қатысуға өтінімде жалған ақпарат ұсынылған факт анықтаған жағдайда да мерзімінен бұрын бұзылады.
5. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі
5.1. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
5.2. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың және тарифтік кестенің схемалары, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типі (класы) мен саны осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтіріледі.
5.2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары белгілеген тариф тасымалдау, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңілдікті шарттарда немесе тегін тасымалдау шығындарын жаппаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшері мен мерзімдері көзделеді.
5.3. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
5.4. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.
5.5. Осы Шарт және оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді Тараптар үшін міндетті болады.
5.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.
       5.7. Осы Шарттың түсіндірудің мазмұнын анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________________
                                             (тілді көрсету)
мәтініндегі нұсқаның басым күші болады.
5.8. Осы үлгі шарттың 2.1-тармағының 2.1.13. және 2.1.14-тармақшаларының талаптары 2015 жылдағы 1 қаңтардан бастап жасалатын шарттарға қатысты қолданысқа енгізіледі.
5-тарау 5.8-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Шарттың қолданылу мерзімі
6.1. Осы Шарт кемінде 3 жыл мерзімге жасалады:
       Қолданылуының басталуы _______________________
       Қолданылуының аяқталуы _______________________
6.2. Осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту кезінде шарттың қолданылуы 10 жылға ұзартылады.
6-тарау 6.2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Ұйымдастырушы                                 Тасымалдаушы
      Қолы ________                                 Қолы _______
М.О.                                          М.О.
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
1-қосымша
Үлгі шарт 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте
Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны*
2-3 4-6 7-10 11-15 16-25 26-50 51 және одан көп
7 жылға дейін + + + + + + +
7 жылдан 12 жылға дейін 50% 25% 20% 20% 20% 20% 20%
12 жылдан 15 жылға дейін - 25% 25% 25% 24% 22% 21%
15 жылдан астам - - - 4% 6% 10% 15%
«+» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;
«-» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
* - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
2-қосымша
Үлгі шарт 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Маршрут пен тарифтік кесте бойынша кестелерде, қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) және саны жөніндегі ақпарат
1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттерінің атауы;
3) аялдама пункттерінің бір-бірімен арақашықтығы;
4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;
5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;
6) тасымалдаушының атауы;
7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттердің атауы;
3) тасымалдаушының атауы;
4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
3. Тарифтік кестеде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттердің атауы;
3) тасымалдаушының атауы;
4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типі (класы) бойынша ақпарат:
1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;
2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типі (класы);
3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;
4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.