Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1169 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1169 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-50 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
5. Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығыштағы қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
Жеткілікті негіздемелер болған кезде Комитет өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
2
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Toggle Dropdown
1) еркін нысанда толтырылатын және:
Toggle Dropdown
өтініш берушінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы қолдаухаты;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметті алушы туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат, сондай-ақ Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн құқық иеленушінің тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтері;
Toggle Dropdown
егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылмайтыны белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі қамтылуға тиіс мемлекеттік қызметті алушының зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы жазбаша өтініші;
Toggle Dropdown
2) зияткерлік құқығының бар және тиесілі екенін растайтын (куәлік, және/немесе лицензиялық шарт) түпнұсқалар не нотариат куәландырған көшірмелері);
Toggle Dropdown
3) құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызметті алушының басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты. Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс;
Toggle Dropdown
5) зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы;
Toggle Dropdown
6) зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық түрдегі бейнелері (мүмкiндiгiнше).
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініштердің арнайы бланкілері көзделмеген. Өтініш еркін нысанда жазбаша түрде беріледі.
Toggle Dropdown
13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.
Toggle Dropdown
14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі күні) қояды.
Toggle Dropdown
Құжаттарды пошта бойынша тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде өтінішті Комитет басшылығының бұрыштамасына сәйкес Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
1
16. Мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы зияткерлік меншік құқығын бұза отырып тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасын ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде жазбаша дәлелді жауап береді.
Toggle Dropdown
3. Жұмыс қағидаттары