Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 12 шілдедегі N 190 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4320
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 9) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысаны бекітілсін.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және сауда вице-министрі А. Баталовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индустрия және сауда министрінің
N 190 бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару және тексерулердің есебі кітабы