Toggle Dropdown
Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2294 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2294 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттары
Toggle Dropdown
1. Осы Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттары (бұдан әрі - Тәртіп) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдалану үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаның тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) ерікті түрде беру жолымен анатомиялық сый жасау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді осы мақсаттарда пайдалану үшін анатомиялық сый ретінде беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны адам тиісінше ресімдеген сыйға беру шарты немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый берілуі мүмкін денсаулық сақтау ұйымдары:
Toggle Dropdown
1) сот медицинасы және патологиялық, анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Toggle Dropdown
2) ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдары.
Toggle Dropdown
4. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) мүшелерден (мүшелердің бөліктерінен) басқа, табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
Toggle Dropdown
5. Осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген Комиссия азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркегеннен кейін адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қарайды.
Toggle Dropdown
Комиссия анатомиялық сый ретінде бірінші кезекте табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін қарайды.
Toggle Dropdown
6. Танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттер бар денсаулық сақтау ұйымдары осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді тіркеу журналын жүргізеді.
Toggle Dropdown
7. Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін), сондай-ақ танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді денсаулық сақтау ұйымдарына беруді құрамында анатомиялық, сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының басшысы, ішкі істер органдарының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармалары жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптаманы жүргізген органның және анатомиялық сыйды қабылдап алатын денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бар комиссия жүзеге асырады. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру актісі осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес екі данада жасалады.
Toggle Dropdown
8. Анатомиялық сыйды беру және алу кезінде анатомиялық сыйды беруші және қабылдап алушы денсаулық сақтау ұйымдары анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін тіркеуді осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жүргізеді.
Toggle Dropdown
9. Осы Тәртіптің 6 және 8-тармақтарында көрсетілген танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу және анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналдары нөмірленуі, тігілуі және тиісті денсаулық сақтау ұйымының елтаңбалық мөрімен бекітілуі тиіс.
Toggle Dropdown
10. Мәйітте ерекше белгілері болған кезде бұл факт анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жазба түрінде тіркеледі және (немесе) суретке түсіріледі.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болғандардың, зорлықпен өлтіруден, өзін-өзі өлтіруден, жазатайым жағдайдан қайтыс болғандардың тіндерін және (немесе) мүшелерін (мүшелерінің бөліктерін), сондай-ақ мәйіттерін биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый түрінде беруге болмайды.
Toggle Dropdown
12. Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) тасымалдау арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырылады, ал мәйітті тасымалдау оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қабылдап алған денсаулық сақтау ұйымы оларды туысқандары табылған жағдай үшін бір жыл бойы сақтайды.
Toggle Dropdown
14. Денсаулық сақтау ұйымдарында анатомиялық сыйды пайдаланудың міндетті шарты қызметкерлердің және студенттердің жұмыстың барлық кезеңдерінде медициналық этиканы және дәрігерлік құпияны сақтауы болып табылады.
Toggle Dropdown
15. Анатомиялық сый туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.
Toggle Dropdown
Анатомиялық сый жасау және
оны денсаулық сақтау
ұйымдарына беру тәртібі
мен шарттарына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу журналы
Toggle Dropdown
р/с № | Танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің сипаттамалары | Мәйіттің табылған күні* | Денсаулық сақтау ұйымының атауы | Ішкі істер органдарына хабарланған, АХАЖ органдарына өтініш берілген күні | Мәйіт анатомиялық сый ретінде танылған және берілген немесе жерленген күн | Мәйіт анатомиялық сый ретінде берілген денсаулық сақтау ұйымы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Toggle Dropdown
Ескертпе: * танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің жынысы, жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі.
Toggle Dropdown
**Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Анатомиялық сый жасау және
оны денсаулық сақтау
ұйымдарына беру тәртібі
мен шарттарына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт
Toggle Dropdown
___________ қаласы 200__ ж. «__» __________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы бұйрығының
Toggle Dropdown
№ мен күні)
Toggle Dropdown
бұйрығымен құрамында:________________________________________________
Toggle Dropdown
(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә., ішкі істер органдары, жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
басқару органы, сот-медициналық сараптама жүргізген орган
Toggle Dropdown
және_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
анатомиялық сыйды қабылдап алатын денсаулық сақтау ұйымы
Toggle Dropdown
өкілдерінің__________________________________________________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә., лауазымы) (шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық
Toggle Dropdown
сыйды_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
жасаған адамның Т.А.Ә. көрсетіледі не мәйіттің табылған күнінен
Toggle Dropdown
бастап қырық бес күннен ерте болмайтын мерзімде танылмаған және
Toggle Dropdown
сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу журналына сәйкес танылмаған
Toggle Dropdown
және сұрауы болмаған мәйіт тіркелген нөмір мен күн
Toggle Dropdown
көрсетіледі)_______________________________________ негізінде
Toggle Dropdown
құрылған комиссия
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(анатомиялық сыйды жасаған адамның тіндері және (немесе) мүшелері
Toggle Dropdown
(мүшелерінің бөліктері) және Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
не жынысын, жасын, нәсілін, денесінің көлемін және басқа да жеке
Toggle Dropdown
ерекшеліктерін көрсетіп, танылмаған және сұрауы болмаған мәйіт
Toggle Dropdown
көрсетіледі)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қайтыс болу себебі)
Toggle Dropdown
анатомиялық сый деп таныды және «Халық денсаулығы және денсаулық
Toggle Dropdown
сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабының
Toggle Dropdown
негізінде осы актімен тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің
Toggle Dropdown
бөліктерін) не танылмаған және сұрауы болмаған мәйітті (керегінің
Toggle Dropdown
астын сызу керек)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы)
Toggle Dropdown
________________________________________________________________-дан
Toggle Dropdown
________________________________________________________________-ға
Toggle Dropdown
(анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы)
Toggle Dropdown
биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық
Toggle Dropdown
және оқу мақсаттарына пайдалану үшін береді.
Toggle Dropdown
Осы акт 2 данада жасалды.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
Toggle Dropdown
___________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________
Toggle Dropdown
________________________
Toggle Dropdown
Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымдарының М.О.
Toggle Dropdown
Анатомиялық сый жасау және
оны денсаулық сақтау
ұйымдарына беру тәртібі
мен шарттарына
3-қосымша
Toggle Dropdown
1
Анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу
журналы
Toggle Dropdown
20___ жылғы «___» ________ басталды
Toggle Dropdown
Р/с № | Анатомиялық сыйды жасаған адамның Т.А.Ә не танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің сипаттамалары* | Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні** | Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні | Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің № мен күні | Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы | Берілген күні** | Анатомияық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы | Анатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының Т.А.Ә. және қолы | Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің Т.А.Ә., лауазымы және қолы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе: * танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің жынысы, жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі.
Toggle Dropdown
**Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.