1. Қоса беріліп отырған "Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Отправить по почте
"Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 1073 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 1073 қаулысымен бекітілген
"Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент тамаққа қосылатын биологиялық тамақ қоспаларының қауіпсіздігіне, оларды өндіруге және олардың айналымына қойылатын талаптарды белгілейді және олардың Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) 2106 90 980 тауарлық кіші субпозициясына енетін тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларға таратылады.
3. Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі - биологиялық белсенді қоспалар) құрамдауыштарына енетін құрам бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1) негізінен белоктардың, амин қышқылдардың және олардың кешендері негізіндегі;
2) мал және өсімдік липидтері негізіндегі:
өсімдік майлары негізіндегі;
балық майлары негізіндегі;
мал майлары негізіндегі;
аралас май негізіндегі;
3) негізінен сіңірілетін көміртектер, оның ішінде биологиялық белсенді компоненттер қосылған бал, шәрбаттар және басқалар негізіндегі;
4) негізінен тағамдық талшықтар (целлюлоза, камедьтер, пектин, гумми, микрокристалды целлюлоза, кебектер, фруктоолигосахарлар, хитозан және басқа полисахаридтер) негізіндегі;
5) таза субстанциялар (дәрумендер, минералды заттар, органикалық қышқылдар және басқалар) немесе әртүрлі толықтырғыштарды пайдаланумен олардың концентраттары (өсімдік сығындылары және басқалар), оның ішінде сусындарға арналған құрғақ концентраттар негізіндегі;
6) табиғи минералдар (цеолиттер және басқалар, оның ішінде мумие) негізіндегі;
7) өсімдік негізіндегі, оның ішінде:
құрғақ - гүл тозаңы, шәй, кептірілген дәрілік өсімдіктер қоспасы;
сұйық - эликсирлер, бальзамдар, тұндырмалар және соларға ұқсастар;
8) ет-сүт шикізатын, оның ішінде субөнімдерді, құстарды, буынаяқтыларды, қос мекенділерді, омарта шаруашылығының өнімдерін (аналық бал сүті, прополис және басқалар) қайта өңдеу негізіндегі;
9) балық, теңіз омыртқасыздары, шаян тектестер, моллюскалар және басқа теңіз өнімдері, теңіз өсімдіктері микроорганизмдері (балдырлар және басқалар) негізіндегі - құрғақ;
10) пробиотикалық микроорганизмдер негізіндегі:
құрғақ - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі, аминқышқылдарын, микроэлементтерді, моно- және ди- олисахаридтерді қосу арқылы микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі;
сұйық - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; қоюландырылмаған микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі;
11) бір жасушалы балдырлар (спирулин, хлорелл және басқалар), ашытқылар мен олардың лизаттары негізіндегі.
4. Биологиялық белсенді қоспаларды әзірлеу, өндіру және (немесе) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар биологиялық белсенді қоспалардың жаңа түрлерін әзірлеу, тіркелген құрамын өзгерту және (немесе) технологиялық процестерді өзгерту кезінде олардың мәлімделген биологиялық қасиеттеріне, жарамдылық мерзімдеріне, қауіпсіздік көрсеткіштеріне, бақылау әдістеріне сәйкестігін негіздеуді қамтамасыз етеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) биологиялық белсенді қоспалардың сапасы - биологиялық белсенді қоспалардың тұтынушылық қасиеттерін, тиімділігін және қауіпсіздігін білдіретін сипаттамалардың жиынтығы;
2) пробиотиктер (эубиотиктер) - ас қорыту жолы микрофлорасының құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыптандыру әсерін беретін тірі микроорганизмдерді және (немесе) олардың метаболиттерін қамтитын биологиялық белсенді қоспалар;
3) пребиотиктер - ішектің қорғағыш микрофлорасы өкілдерінің өсуін немесе биологиялық белсенділігін таңдамалы ынталандыратын, сонысымен оның қалыпты құрамы мен биологиялық белсенділігін қолдауға ықпал ететін тағамдық заттар;
4) пробиотикалық өнімдер - пробиотикалық микроорганизмдердің және пребиотиктердің тірі дақылдарын қосу арқылы дайындалған тағамдық өнімдер;
5) тағамдық құндылық - негізгі тағамдық заттар мен энергияда адамның физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді қоспалардың пайдалы қасиеттерінің жиынтығы;
6) жасанды биологиялық белсенді қоспалар - әдейі өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) қасиеттері мен сапасы жасырын, олар туралы ақпарат әдейі толықтырылмаған немесе дұрыс емес болып табылатын биологиялық белсенді қоспалар;
7) биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру - биологиялық белсенді қоспалардың құрамындағы негізгі құрамдас бөлшектерді нормативтік-техникалық құжаттарға және оларға қоса берілетін құжаттар мен затбелгілердегі ақпаратқа сәйкестігін белгілеу;
8) биологиялық белсенді қоспалардың тиімділігі - қолданылатын биологиялық белсенді қоспалардан алынатын оң нәтижелерді дұрыс растау;
9) тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар - байыту мақсатында немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, аурулардың алдын алу үшін жеке қолдануға немесе тағамдық өнімдер құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға ұқсас заттардың компоненттері;
10) лизаттар - қандай да бір мүшенің немесе тіннің лизис өнімі (босаңсуы, еруі, ыдырауы);
11) ксенобиотиктер - антропогенді қызметтің нәтижесінде пайда болатын, тірі организмдер үшін бөгде зат (пестицидтер, тұрмыстық химиялық препараттары және басқа да ластаушылар).
3. Қауіптілік (тәуекел) факторы
6. Биологиялық белсенді қоспалардың тіршілік циклінің процесінде пайда болатын, адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: уытты элементтер, микоуыттар, пестицидтер, радионуклидтар, дәрілік заттар құрамының, гормондық және психотроптық препараттар құрамының жоғарылауы, дозалау, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.
7. Ықтимал тәуекелдер биологиялық белсенді қоспалардың тіршілік циклінің мынадай сатылары (процестері) кезінде пайда болады:
1) биологиялық белсенді қоспаларды әзірлеу (жасау);
2) қоймалық, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды өндіріске дайындау;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |