Геофизикалық зерттеулер жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 23 қыркүйек 1993 ж. N 936
Каспий теңiзi айлағында мұнай мен газ қорының келешегiн бағамдау бағдарламасын iс жүзiнде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Каспий теңiзiнiң қорық аймағында айрықша экологиялық жағдайларды ескерiп, көмiр сутегi шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге және өндiруге рұқсат етiлсiн.
2. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы Каспий теңiзiнiң Қазақстан жағын игеру аймағында геофизикалық жұмыстармен бiрге инженерлiк-экологиялық зерттеулер жүргiзсiн және бұл деректердi айналадағы ортаға ықпал жасалуын бағамдау үшiн пайдалансын.
3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Каспий теңiзiнiң солтүстiк
бөлiгiнде қорық аймағын жариялау туралы" 1974 жылғы 30 сәуiрдегi
N 252 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1974 ж., N 10, 43-бап) бекiтiлген
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi қорық аймағы туралы
Ереженiң 5-тармағы мынадай мазмұндағы "д" тармақшасымен
толықтырылсын:
"д) айрықша экологиялық жағдайлар ескерiлiп, көмiр сутегi
шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге
және өндiруге".
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi