• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 12.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 
2) Комитеттiң құрылымы; 
3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналардың: 
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 7-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366  қаулысының  4-тармағы 3) тармақшасының; 
3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қазандағы
 N 1125 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде бақылау, қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. 
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.09.2006. № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi мемлекеттiк бөлiмшелерi бар: 
көлiктегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы; 
өңiрлiк темiр жол және әуе көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; 
бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2005. № 760 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар шығарады. 
5. Комитетті, көлiктегi аумақтық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2005. № 760 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады. 
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. 
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
7. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 
8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мемлекеттік мекемесi. 
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары: 
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру; 
халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру; 
өз құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету; 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан, адамның денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау; 
халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 
санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру; 
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру саласындағы функциялар: 
Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру; 
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдау; 
тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысу; 
мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн үйлестiру; 
мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзу;