Bestprofi Logo

Қаулы № 375 от 2009-03-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 Қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 375 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 617 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) тармақшадағы "қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;";

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.";

оң жақтағы жоғары бұрышындағы "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;

"12" деген сандар "12,..." деген сандармен ауыстырылсын;

n < 100% болған кезде І n = 100%" деген жол алып тасталсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 375 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына 2-қосымша

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:

Z k =Z k-1 *(1+і k )+D k *(1+і k /2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда

Z k - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен;

і k - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі;

D k - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание