Toggle Dropdown
6
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5904 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабына сәйкес және медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғылыми ұйымдарға және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министрдің
Toggle Dropdown
міндетін атқарушы Б. Садықов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 11 қарашадағы
№ 691 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары
Toggle Dropdown
1
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және медицина және фармацевтика кадрларының (бұдан әрі – кадрлар) біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ғылыми-ақпараттық алмасу жөніндегі іс-шаралар – конгресстер, съездер, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, пленумдар нысандарында және басқа да нысандарда жүргізілетін ғылыми, ғылыми-практикалық және практикалық сипаттағы ақпараттармен алмасуға бағытталған іс-шаралар;
Toggle Dropdown
2) жұмыс оқу бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының міндетті компоненті негізінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және бекітетін, міндетті компонент пен таңдамалы компонент пәндері бағдарламаларының мазмұнын ашатын бағдарлама;
Toggle Dropdown
3) жұмыс оқу жоспары – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және бекітетін құжат;
Toggle Dropdown
4) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
Toggle Dropdown
5) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;
Toggle Dropdown
6) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
Toggle Dropdown
7) өзіндік білім алу – кадрлардың барлық кәсіби қызмет ету бойына өз бетінше жаңа теориялық білім алуына және бұрын алынған білімдерін жетілдіруіне бағытталған оқыту процесі;
Toggle Dropdown
8) пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
Toggle Dropdown
9) практика арқылы оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама) – денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды үйрену және бұрын үйренген дағдыларды жетілдіру;
Toggle Dropdown
10) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
Toggle Dropdown
11) үздіксіз кәсіби дамыту – пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдауға және дамытуға бағытталған оқыту процесі;
Toggle Dropdown
12) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентінің әрбір пәні бойынша меңгерілетін білімнің, іскерліктің және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын бағдарлама;
Toggle Dropdown
13) үлгілік оқу жоспары – оқытылатын пәндердің тізімі мен көлемін, оларды оқыту тәртібі мен бақылау нысанын регламенттейтін үлгілік оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат;
Toggle Dropdown
14) сертификатты цикл – жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға, біліктілік санатын алуға үміттенген мамандарға арналған біліктілікті арттыру циклі;
Toggle Dropdown
15) семинар, тренинг/мастер-класс – кадрлардың біліктілігін арттырудың теориялық және практикалық түрі;
Toggle Dropdown
16) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуде негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары;
Toggle Dropdown
17) маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі – кәсіби қызметінің белгілі кезеңі үшін үздіксіз кәсіби дамуына себепші іс-шараларға маманның қатысу көлемін өлшейтін біріздендірілген шартты бірлік;
Toggle Dropdown
18) сынақ бірлігін жинау жүйесі – соңғы бес жыл ішінде үміткердің үздіксіз кәсіби дамуындағы іс-шараларға қатысуын сомалық есепке алу жүйесі.
Toggle Dropdown
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысаны болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдау және дамыту қосымша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Кадрларға қосымша білім берудің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) медицина және фармация саласының жаңа теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын алудағы және бар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңартудағы кадрлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Toggle Dropdown
2) алынған теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды практикада қалыптастыру, бекіту және жинау;
Toggle Dropdown
3) практикалық денсаулық сақтау саласына ғылыми дәлелдерге негізделген диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі
Toggle Dropdown
6. Біліктілікті арттырудың мақсаты медицина немесе фармацевтика мамандығының жалпы және жеке бөлімдері, олардың ұқсас пәндері бойынша, біліктілік талаптарына сәйкес теориялық білімдерді жаңарту мен тереңдету және практикалық дағдыларды жетілдіру болып табылады.
Toggle Dropdown
Біліктілікті арттыру жоғары медициналық мамандығы бар кадрлар үшін интернатурадан және (немесе) клиникалық ординатурадан (резидентурадан) және (немесе) мамандығы бойынша қайта даярлаудан, сонымен қатар жоғары фармацевтикалық мамандығы бар кадрлар үшін мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда көзделеді.
Toggle Dropdown
Орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік) білімі бар кадарлардың біліктілігін арттыру үшін орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік) медициналық немесе фармацевтикалық білім және (немесе) мамандық бойынша қайта даярлау қажетті алғашқы білім деңгейі болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Кадрларды қайта даярлаудың мақсаты жаңа мамандық бойынша кәсіби іс-қимылды орындауға қажетті жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеру болып табылады.
Toggle Dropdown
Қайта даярлау мамандықтар бойынша «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 744 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5885 болып тіркелген, Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасының шеңберінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының шеңберінде ғылыми-ақпараттық алмасу жөніндегі іс-шаралар, семинарлар, тренингтер (мастер-кластар), өздігінен білім алу, практика арқылы оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бюджет қаражаты, жұмыс берушінің және/немесе басқа да заңмен көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. Қосымша білім беру қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10-1. Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқыту ұйымдары тыңдаушының біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдеріне тіркеуге арналған өтініштерді қабылдауды, сондай-ақ, біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беруді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10-2. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өту туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында келтірілген.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға веб-портал арқылы жугінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
10-3. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
10-4. Ақпараттық жүйеде ақау туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы туралы операторға хабарлайды.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Toggle Dropdown
11. Қосымша білім беру оқу бағдарламаларын игеру жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі. Соңғы жағдайда кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқуын оқи алады.
Toggle Dropdown
12. Ұзақтығы 54 сағат және одан да көп біліктілікті арттыру циклдерінің, сондай-ақ қайта даярлау циклдерінің тыңдаушыларының алғашқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базистік, оқу кезінде – ағымдық, оқу соңында – қорытынды бақылау жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Бақылау тестілеу, әңгімелесу, симуляциялық технологияларды пайдалану нысанында, сондай-ақ біліктілікті арттыру, қайта даярлау циклі оқытушысының жетекшілігімен пациентпен жұмыс түрінде жүргізіледі. Біліктілікті арттыру циклдерінде қорытынды аттестаудың нысанын оқытқан ұйым өзі анықтайды.
Toggle Dropdown
Қайта даярлау циклдеріндегі қорытынды бақылау екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
тестілеу (100 сұрақтан кем емес)
Toggle Dropdown
симмуляциялық технологияларды қолданумен мамандық бейініне қарай практикалық дағдыларды бағалау.
Toggle Dropdown
Қорытынды бақылау тыңдаушының аудиториялық және аудиториядан тыс (өз бетінше) меңгеруін бақылаудан тұрады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың мазмұны мен мерзімдері
Toggle Dropdown
13. Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың бағдарламаларын іске асыру Үлгілік оқу бағдарламасына, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
14. Оқу бағдарламалары оқу мерзімінің 2/3 бөлігін аудиторлық жұмысқа (оның ішінде практикалық пәнге кемінде 50%) және оқу уақытының 1/3 бөлігін тыңдаушының пәндік бағдарламада (силлабуста) көрсетілген тапсырмалар шеңберінде өз бетімен білім алуы үшін көздеді.
Toggle Dropdown
15. Бір оқу аптасының ұзақтығы 54 сағаттан 60 сағатқа дейін болады, оның ішінде 36 сағаттан 40 сағатқа дейінгі – аудиторлық жұмыстың академиялық сағаты және 18 сағаттан 20 сағатқа дейінгі – өз бетімен білім алуы.
Toggle Dropdown
1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
Toggle Dropdown
16. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде 864 сағаттан 1080-ге дейінгі сағатты, біліктілікті арттыру циклдерінде 54 сағаттан 216-ға дейінгі сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
Жоғары медициналық білімі бар, 2009 жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша интернатурада, және (немесе) резидентурада, (клиникалық ординатурада) оқудан және (немесе) қайта даярлаудан өткен, өзінің мамандығының шеңберінде «балалар» немесе «ересектер» бейіні бойынша қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген тұлғалар үшін қайта даярлау мерзімі 432 сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
Жоғары медициналық білімі бар, бұрын интернатурада, резидентурада (клиникалық ординатурада) оқудан, мына мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар үшін:
Toggle Dropdown
«Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» және «Педиатрия (жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек)» «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Онкология (ересектер, балалар)» және «Гематология (ересектер, балалар)» «Онкология және Балалар гематологиясы» мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Педиатрия» «Неонатология» мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін (техникалық және кәсіптік) оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде – 432 сағаттан 648-ге дейінгі сағатты, біліктілікті арттыру циклдерінде – 54 сағаттан 108-ге дейінгі сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
Шетелдерде біліктілікті арттыру мерзімі 54-сағаттан 864-ке дейінгі академиялық сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
Біліктілікті арттыру біліктілігін арттыру циклдерінің тақырыптары бойынша (мамандықтардың қатары бойынша) жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрлар үшін қарастырылған.
Toggle Dropdown
Жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін біліктілікті арттыру мерзімі мастер-класстарда кемінде 54 сағатты, соның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен – күндізгі оқу нысанында кемінде 24 сағатты; семинарлар мен тренингтерде - кемінде 8 сағатты құрайды
Toggle Dropdown
16-1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуды аяқтаған жоғары медициналық білімі бар кадрлардың қосымша құзыреттерді игеруі үшін біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы:
Toggle Dropdown
«Кардиология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, интервенциялық аритмология бойынша – 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Гастроэнтерология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша қайта даярлауда эндоскопия бойынша 216 сағатты, резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Пульмонология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша эндоскопия бойынша қайта даярлауда 162 сағатты, функционалдық диагностика бойынша 108 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Нефрология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Неврология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Анестезиология және реаниматология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және перфузиология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, токсикология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Жалпы хирургия» бойынша резидентурада және онкологиялық хирургия бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, ультрадыбыстық диагностика бойынша 216 сағатты, эндоскопия бойынша қайта даярлауда 54 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Урология және андрология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, эндоскопия бойынша қайта даярлауда 108 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Оториноларингология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша эндоскопия бойынша қайта даярлауда 108 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Педиатрия» неонатология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Неонатология» резидентурада және қарқынды терапия мен неонаталдық реанимация бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Балалар психиатриясы» резидентурада және суицидология бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 сағатты және 216 сағатты құрайды;
Toggle Dropdown
«Акушерия-гинекология» функционалдық диагностика бойынша резидентурада және қайта даярлауда 54 сағатты, ультрадыбыстық диагностика бойынша резидентурада және қайта даярлауда 216 сағатты, эндоскопия бойынша резидентурада 54 сағатты және қайта даярлауда 216 сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
17. Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша мына бағдарламаларды меңгерген тұлғаларға:
Toggle Dropdown
қайта даярлау – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау туралы куәлік;
Toggle Dropdown
біліктілікті арттыру – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
Toggle Dropdown
сертификациялық циклдерде біліктілікті арттыру – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Toggle Dropdown
Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау бағдарламаларын меңгере алмаған тұлғаларға өткен бағдарлама көлемі көрсетілген оқудан өткені туралы анықтама беріледі және оларға қайта қорытынды бақылау тағайындалады.
Toggle Dropdown
Ұзақтығы кемінде 54 сағат семинарларда, тренингтерде (мастер-кластарда) оқудан өткен тұлғаларға оқытушы ұйым айқындаған нысан бойынша сертификат беріледі.
Toggle Dropdown
17-1. Біліктілікті арттыру курстарында бір сынақ бірлігі бір академиялық сағатқа теңестіріледі. Конференцияларда, оның ішінде халықаралық, бір күндік қатысу алты сынақ бірлігіне теңестіріледі.
Toggle Dropdown
17-2. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдануға құқылы.
Toggle Dropdown
4-тарау. Шетелде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, шетелдік мамандарды тарту
Toggle Dropdown
18. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шетелдік жетекші мамандарды тарта отырып, Қазақстан Республикасында және сонымен бірге шетелдерде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Шетелде оқыту медицина, фармация саласындағы білім беру, медициналық, фармацевтикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Шетелдік жетекші мамандарды тарту шақырушы қазақстандық оқытатын ұйым немесе денсаулық сақтау ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы денсаулық сақтау саласының жергілікті мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі – жергілікті орган) мен шақырылатын шетелдік маман және (немесе) шетелдік ұйым арасында жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жұмыс оқу бағдарламасы және тартылатын шетел мамандарының тізімі уәкілетті (немесе жергілікті) органмен келісіледі.
Toggle Dropdown
19. Республикалық және жергілікті (республикалық маңызы қаланың, астананың) бюджет қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар жіберіледі.
Toggle Dropdown
20. Клиникалық медициналық мамандықтар бойынша біліктілікті арттыруға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін кадрларды жіберу жасасқан шарттарда біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес қазақстандық мамандардың шетелдік пациенттерге диагностикалық және емдеу шараларын жүргізуіне рұқсат беру көзделген шетелдік ұйымдарға жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
21. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыруға және (немесе) қайта даярлауға жіберетін уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым республика кадрларын медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға шетелге жіберу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрайды.
Toggle Dropdown
22. Комиссия ұсынысының негізінде уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен білім беруді жүзеге асыратын шетелдік ұйым арасында, сондай-ақ уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға шетелге жіберілетін кадрлардың арасында білім беру қызметтер көрсету туралы шарттар (бұдан әрі – шарт) жасалынады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен кадрлар арасында жасалған шартта дәлелсіз себептермен оқу бағдарламасынан шығып кеткен және (немесе) шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі белгіленеді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен шетелдік ұйым арасындағы шарт оларға кадрлардың біліктілігін арттырғаны үшін шартта көзделген ақшаны аударуға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
23. Мемлекеттік бюджеттен кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бөлінетін қаражат тәуліктік шығыстарды, тұру ақысын, Қазақстандағы тұрғылықты жерінен оқитын жерге дейінгі жолақысын және оқуды аяқтаған соң қайту жолақысын, сондай-ақ уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен шетелдік ұйым арасындағы шарттарда көзделген оқу шығыстарының барлық түрлерін төлеуді қамтиды.
Toggle Dropdown
24. Шетелдік ұйымдарда біліктіліктерін арттырған кадрлар келгеннен кейін уәкілетті (немесе жергілікті) органға немесе ұйымға мынадай құжаттаманы:
Toggle Dropdown
1) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені туралы шетелдік ұйым берген құжаттың көшірмесін;
Toggle Dropdown
2) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені туралы есепті;
Toggle Dropdown
3) іссапар туралы аванстық есепті тапсырады.
Toggle Dropdown
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін арттыру
және қайта даярлау қағидаларына
және қосымша медициналық және
фармацевтикалық білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
ұйымдарға қойылатын біліктілік
талаптарына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қайта даярлықтан өткені туралы куәлік
№ _____
Toggle Dropdown
Осы куәлік __________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Toggle Dropdown
_______________________________________________________ жанында
Toggle Dropdown
(оқытқан ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «___»______________ бастап «___» _____________ дейін
Toggle Dropdown
______________________________________________мамандығы бойынша
Toggle Dropdown
__________________________________________________циклі бойынша
Toggle Dropdown
______________сағат көлемінде қайта даярлықтан өткенін растайды
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы)
Toggle Dropdown
Мөрдің орны
Toggle Dropdown
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________
Toggle Dropdown
1
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін арттыру
және қайта даярлау қағидаларына
және қосымша медициналық және
фармацевтикалық білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
ұйымдарға қойылатын біліктілік
талаптарына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Біліктілігін арттырғаны туралы куәлік
№ _____
Toggle Dropdown
Осы куәлік __________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Toggle Dropdown
________________________________________________________жанында
Toggle Dropdown
(оқытқан ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «___»____________ бастап «___» _______________ дейін
Toggle Dropdown
______________________________________________мамандығы бойынша
Toggle Dropdown
__________________________________________________циклі бойынша
Toggle Dropdown
_______сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткенін растайды
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы)
Toggle Dropdown
Мөрдің орны
Toggle Dropdown
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________
Toggle Dropdown
1
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін арттыру
және қайта даярлау қағидаларына
және қосымша медициналық және
фармацевтикалық білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
ұйымдарға қойылатын біліктілік
талаптарына 3-қосымша
Toggle Dropdown
Біліктілігін арттырғаны туралы куәлік
(сертификациялық цикл)
№_____
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Toggle Dropdown
ол 20___ жылғы «___»__________________ бастап «____»___________ дейін
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________ жанында
Toggle Dropdown
(оқытқан ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
____________________________________________________мамандығы бойынша
Toggle Dropdown
____________________________________________сертификациялық циклінде
Toggle Dropdown
_________сағат көлемінде (жоғары, бірінші немесе екінші санат)
Toggle Dropdown
біліктілігін арттырудан өткені үшін берілді
Toggle Dropdown
______________________________________
Toggle Dropdown
(басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы)
Toggle Dropdown
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________
Toggle Dropdown
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін арттыру
және оларды қайта
даярлау қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) оқу бағдарламасын толық игерген сәттен бастап, біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру – 1 (бір) жұмыс күні (оқу бағдарламасын толық игерген жағдайда), оқуды аяқтағаннан кейін біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының ұзақтығына қарамастан;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
1) біліктілігін арттырудан өткені туралы: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік;
2) қайта даярлау жөніндегі құжаттар: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласының кадрларын қайта даярлау туралы куәлік;
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін – жеке тұлғаларға
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда (дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс күндерін қоспағанда (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес;
2) портал – тәулік бойы, техникалық үзілісті қоспағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.)
|
|
8
|
Құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті (не сенімхат бойынша оның өкілінің)
|
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) порталға:
электрондық түрдегі сұрау салу.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
|
|
10
|
Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген
|
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары және байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың кез келген сатысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 11 қарашадағы
№ 691 бұйрығына 1-1-қосымша
Toggle Dropdown
Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктіліктік талаптар
Toggle Dropdown
1. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарға (одан әрі – оқытушы ұйымдар) мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Toggle Dropdown
Кадрлармен қамтамасыз етуге:
Toggle Dropdown
1) біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде, қысқа мерзімді семинарлар мен мастер-класстарда (оның ішінде қашықтықтан оқыту және шығу циклдерінде) оқу сабақтарын ғылыми дәрежесі бар доктор немесе ғылым кандидаттығы бар тұлға, магистр немесе академиялық дәрежесі бар философия докторы жүргізуі керек. Сабақтарды өткізу үшін мамандық бейіні бойынша бірінші және жоғары біліктілік санатының, ғылыми дәрежесі жоқ, оқытушылардың жалпы санының 50%-дан аспайтын мамандар тартылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
2) ұйым қосымша медициналық және фармацевтикалық білімді жүргізу үшін ұйымның кемінде 50% штаттық қызметкерлерін тартады;
Toggle Dropdown
3) қосымша медициналық және фармацевтикалық білім бағдарламаларын іске асыратын оқытушылардың мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 1 жыл педагогикалық тәжірибесі, болуы тиіс, медициналық білім беру мен ғылым әдіснамасының саласында соңғы 5 жылда кемінде 108 сағат біліктілікті арттыруы тиіс;
Toggle Dropdown
оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:
Toggle Dropdown
1) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларының (бұдан әрі - ҮОБ), ҮОБ сәйкес дайындалған қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болуы тиіс;
Toggle Dropdown
2) бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электронды мәліметтер базаларына, кітапханалар қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігі болуы қажет;
Toggle Dropdown
3) біліктілік арттыру және қайта даярлау циклдеріндегі оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану арқылы жүргізілуі керек;
Toggle Dropdown
4) клиникалық пәндер бойынша практикалық сабақтар көлемі кемінде 80% көлемінде өткізілуі тиіс, соның ішінде симуляциялық технологияларды пайдалана отырып - академиялық сағаттың 10% кем болмауы тиіс;
Toggle Dropdown
5) тыңдаушылардың білімінің, ағымдық және қорытынды бақылауының бастапқы деңгейін анықтау үшін тесттік сұрақтар, билеттер, жағдайлық тапсырмалар, бағалау парақтары және оқыту міндеттеріне сәйкес өзге бағалау әдістері болуы тиіс;
Toggle Dropdown
материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:
Toggle Dropdown
1) санитарлық-техникалық нормаларға және қағидаларға сәйкес, тыңдаушылар контингентінің көлеміне сәйкес жалға алу, жедел (сенімді) басқару туралы шарт бойынша немесе меншік құқығында дәрісханалық қорлар, сыныптар, зертханалар болуы тиіс;
Toggle Dropdown
2) жұмыс оқу бағдарламаларымен көзделген теориялық және клиникалық дайындықты өткізуді қамтамасыз ететін Интернетке, кітапхана қорына, симуляциялық жабдықтарға (манекендер, муляждар, тренажерлер) қолжетімділікпен баспа, аудио, бейне-материалдарды ұсыну үшін санитарлық-техникалық нормалар мен компьютерлік жабдықтардың ережелеріне сәйкес келетін қосымша білім беру бағдарламаларының тыңдаушылар контингентіне тиісті меншік құқығы болуы тиіс;
Toggle Dropdown
3) клиникалық бағыттар бойынша қосымша білім беру бағдарламалары оқытушы ұйымдардың меншік құқығында пайдаланылатын клиникалық базаларында немесе жалға алу, жедел (сенімді) басқару туралы шарт бойынша іске асырылады;
Toggle Dropdown
қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын басқаруға:
Toggle Dropdown
1
қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымда қосымша білім беру бағдарламаларының тыңдаушылар контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымы және әкімшілік-басқару персоналының штаты болуы тиіс.
Toggle Dropdown
6
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 11 қарашадағы
N 691 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
Toggle Dropdown
1
1. "Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2922 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
2. "Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 799 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 3289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінің 2005 жылғы N 1 санының 6 - бетінде жарияланған).
Toggle Dropdown
3. "Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 353 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 5743 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 138 (1735) санында жарияланған).