Bestprofi Logo

Қаулы № 1277 от 2011-11-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017 г.

Документ на казахском языке

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 77-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;

2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;

4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгілеу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қабылдау және жұмыс комиссиялары өкілеттіктерінің, міндеттерінің, міндетті құрамының 2-тармағының екінші бөлігін, Қағидалардың 9, 10-тармақтарын және қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысанын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысымен бекітілген

Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары

1. Осы қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

қабылдау комиссиясы – объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау сынағын жүргiзетiн және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқа органы;

жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi тексеру жүргiзетiн уақытша алқа органы;

толық дайындық – ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электрлік техникалық аспаптар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілер (кешендер).

Егер, бекiтiлген жобада бұл көзделген жағдайда, толық дайындыққа кейiннен сатып алушылардың мүмкiндiктерi мен қалаулары ескерiле отырып, орындалатын ішкi қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, асүй газ және электр плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары орнатылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкiн.

Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөлiктерiнде) iшкi әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиiс.

2. Қабылдау комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі

3. Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердiгер объектінің тапсыруға дайын екендiгi туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.

Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылдау комиссиясын құрады.

4. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелері алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.

5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.

6. Бас мердігер салынған объектілерді (кешенді) пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.

7. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң (кешеннiң) жарамсыздығы туралы қабылдау комиссиясының қорытындысын алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнiнде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

8. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.

9. Салынған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

лер мен айрықша пiкiрлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.

10. Объектiнiң пайдалануға қосылғандығы туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектiнi (кешенді) пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледi.

Барлық комиссия мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектiлердi (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы актiсi дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде объектінің (кешеннің) пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.

3. Жұмыс комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі

11. Объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей жұмыс комиссиясы құрылады.

Комиссия тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен тағайындалады.

12. Бас мердігер объектілердің (кешеннің) толық дайындығына кешенді тексеруді жүзеге асыруға қажетті құжаттарды жұмыс комиссиясына ұсынады.

13. Жұмыс комиссиясы жұмысының басталу және аяқталу мерзiмдерiн тапсырыс беруші белгiлейдi.

Тапсырыс беруші осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей барлық комиссия мүшелеріне жұмыс комиссиясы жұмысының басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.

14. Жұмыс комиссиясы жұмысының қорытындылары қорытындының белгіленген нысаны бойынша ресімделеді.

Барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қояды.

лер мен айрықша пiкiрлері бар жұмыс комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.

15. Объектіні (кешенді) пайдалана бастауға дайын еместігі туралы алған кезде тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) бас мердігердің атына жібереді.

Бас мердігер ді жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.

лер жойылған кезде бас мердігер тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оларды жою туралы нәтижелер ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 қаулысымен бекітілген

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание