Toggle Dropdown
Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (II бөлім) 6-қосымшасына (1944 ж. Чикаго) сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағида сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жіберу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
Toggle Dropdown
3) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – әуе кемесін жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшу үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) жалпы мақсаттағы авиация ұшуы – коммерциялық әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты ұшудан басқа, әуе кемелерінің ұшуы;
Toggle Dropdown
5) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық – ұшудың тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламентейтін құжат;
Toggle Dropdown
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат.
Toggle Dropdown
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу
Toggle Dropdown
4. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберуге мынадай шарттарды сақтау:
Toggle Dropdown
1) әуе кемесінің осы түрін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;
Toggle Dropdown
2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасау негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды жіберу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарайды. Егер құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, онда өтінім жазбаша түрде қайтару себебі көрсетіле отырып қайтаруға жатады.
Toggle Dropdown
7. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің осы өтініш берушісін (иесін) есепке қояды.
Toggle Dropdown
8. Жалпы мақсаттағы авиация әуе кемелерін пайдаланушыларды (иелерін) есепке алуды электрондық және қағаз тасымалдағышта азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Әуе кемесінің иесі мен командиры (пилот) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
3. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу
Toggle Dropdown
10. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.
Toggle Dropdown
11. Куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
Toggle Dropdown
12. Куәлік 3 жыл мерзімге беріледі. Тексеру кезеңділігі 3 жылды құрайды.
Toggle Dropdown
13. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қолымен және мөрімен куәландырылған Куәліктің көшірмесі әуе кемесінің бортында болады.
Toggle Dropdown
14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. Куәлікті беру тәртібі
Toggle Dropdown
15. Куәлікті берудің мынадай тәртібі белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) әуе кемесінің өтініш берушісінің (иесінің) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттармен өтінім беруі;
Toggle Dropdown
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдын ала бағалауы және өтінім бойынша шешім қабылдауы;
Toggle Dropdown
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің өтініш берушісінің (иесінің) осы Қағидаға сәйкестігіне тексеру жүргізуі;
Toggle Dropdown
4) Куәлік беруі (беруден бас тарту).
Toggle Dropdown
16. Куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес құжаттары бар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтінім жолдайды.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
17. Кейінгі тексерулер кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді мәлімделетін өзгерістерге қатысты (өзгерістер болған немесе жаңартуды қажет ететіндер бойынша) құжаттарымен ұсынады.
Toggle Dropdown
18. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және өтінім берген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол бойынша тиісті шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Toggle Dropdown
19. Қоса берілген құжаттар осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес келмеген жағдайда, қайтару себептері көрсетіліп, өтінім қайтарылуға жатады.
Toggle Dropdown
20. Құжаттарды алдын ала бағалау кезінде мынадай мәселелер қаралады:
Toggle Dropdown
1) өтінім берушінің ұйымдық құрылымы және басқарудың негiзгi қағидаттары;
Toggle Dropdown
2) штатының жинақталуы және авиациялық персоналдың даярлық дәрежесі;
Toggle Dropdown
3) басшы құрамның ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі тәжiрибесi;