Toggle Dropdown
"Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 827 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8154 тіркелді
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 827 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрi - Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысымен бекітілген «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасының» (бұдан әрі – Қағидалар) 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негізінде әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрi - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдарды, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.
Toggle Dropdown
3. «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚҚО) арқылы уәкілетті орган Стандарттың 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 3-тармағының 4) тармақшасы;
Toggle Dropdown
2) Стандарт;
Toggle Dropdown
3) Қағидалар негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдардың және өзге субъектілердің қатысуысыз көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызметті аяқтау қорытындысы электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтары тізбесіне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО ғимараттарында мемлекеттік қызмет алушының мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қосып алғанда көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгісі:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
Toggle Dropdown
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
Toggle Dropdown
ХҚКО ғимаратында орналасқан стенділерде;
Toggle Dropdown
call-орталықта 1414 орналастырылған.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
Toggle Dropdown
14. Алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
Toggle Dropdown
ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттар белгіленген қол хат беріледі.
Toggle Dropdown
Уәкілеті орган ресімделген құжаттардың қателерін анықтаған, Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар топтамасын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде бас тартудың жазбаша негіздемесін ХҚКО-на жолдайды.
Toggle Dropdown
ХҚКО қызметкері оларды алғаннан кейін алушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және көліктік бақылау органның бас тарту туралы жазбаша негіздемесін береді.
Toggle Dropdown
Егер алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбесе, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етіп, содан кейін көліктік бақылау органына жолдайды.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) алушы ХҚКО-ға Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтініш береді;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркейді, ХҚКО жинақтаушы бөлімнің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.
Toggle Dropdown
ХҚКО–дан құжаттар пакетін уәкілетті органға жолдау фактісі мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттар қозғалысын зерттеп отыратын штрихкод сканері көмегімен бекітіледі;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді және төраға немесе оның орынбасарларының қарауына береді;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары құжаттарды орындауға уәкілетті органның басқарма бастығына береді;
Toggle Dropdown
5) уәкілетті органның басқарма бастығы құжаттарды орындауға уәкілетті органның басқарма маманына береді;
Toggle Dropdown
6) уәкілетті органның басқарма маманы он күннің ішінде көліктік бақылау органынан ұсынылған құжаттарды қарап, қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда сервистік орталықтары тізбесіне қосу туралы бұйрықты әзірлейді немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
Toggle Dropdown
7) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органнан Мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде, ХҚКО қабылдаған құжаттарды штрихкод сканері арқылы бекітеді;
Toggle Dropdown
8) ХҚКО қызметкері алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін – бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде береді.
Toggle Dropdown
16. ХҚКО-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізетін адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттамасы
Toggle Dropdown
17. Құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
Toggle Dropdown
1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
Toggle Dropdown
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
Toggle Dropdown
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
Toggle Dropdown
4) құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;
Toggle Dropdown
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органға түскен өтініш жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына тіркеледі, осыған қоса қазақ тілінде төменгі оң жақ бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі тіркейтін штампен басылады.
Toggle Dropdown
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
Toggle Dropdown
1) ХҚКО қызметкері;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО жинақтау бөлімшесінің қызметкері;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның кеңсесі;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары;
Toggle Dropdown
5) уәкілетті орган басқармасының бастығы;
Toggle Dropdown
6) уәкілетті органы басқармасының маманы;
Toggle Dropdown
7) курьер.
Toggle Dropdown
19. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдарының өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
20. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
«Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын
сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1 қосымша
Toggle Dropdown
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
Негізгі үдеріс қызметі |
1 | Қызмет № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | ҚАБ атауы | ХҚО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның төрағасы, немесе олардың орынбасарлары | Уәкілетті органның басқарма бастығы | Уәкілетті органның маманы |
3 | Әрекет атауы және олардың сипаттамасы | Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесін енгізу туралы бұйрық көшірмесін алу үшін және арызды қарау; арызды және толық құжаттар тізбесін көліктік бақылау органдарына жолдайды | Қабылданған құжаттарды тіркейді және қарау үшін басшыға немесе оның орынбасарына жібереді | Уәкілетті органның басқарма бастығына орындауға жібереді | Уәкілетті органның маманына орындауға жібереді | Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесін енгізу туралы бұйрығын даярлайды |
5 | Орындалу мерзімі | 20 мин. | 1-күн ішінде уәкілетті органға арыздың келіп түскен күнінен бастап | 1-күн ішінде уәкілетті органға арыздың келіп түскен күнінен бастап | 1-күн ішінде уәкілетті органға арыздың келіп түскен күнінен бастап | 8-күн ішінде уәкілетті органға арыздың келіп түскен күнінен бастап |
6 | Келесі әрекет нөмірі | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 |
7 | Әрекет атауы және олардың сипаттамасы | Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесін енгізу туралы бұйрықтың көшірмесін беру. | Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесіне енгізу туралы бұйрығын ұсыну | | | |
8 | Аяқталу нысаны | Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі | | | | |
9 | Орындалу мерзімі | 20 мин. | 1 күн | | | |
Toggle Dropdown
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Toggle Dropdown
Негізгі үдеріс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ХҚО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары | Уәкілетті органның басқарма бастығы | Уәкілетті органның маманы |
Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарыны ң тізбесін енгізу туралы бұйрық көшірмесін алу үшін және өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; арызды және толық құжаттар тізбесін уәкілетті органға жолдайды | Қабылданған құжаттарды тіркейді және қарастыру үшін басшыға немесе оның орынбасарына жібереді | Уәкілетті органның басқарма бастығына орындауға жібереді | Уәкілетті органның маманына орындауға жіберіледі | Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесіне енгізу туралы бұйрығын дайындайды |
Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесінің қатарына кіру бұйрығының көшірмесін беру | Электрондық (цифрлы) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесінің қатарына кіру бұйрығын ұсыну | | | |
Toggle Dropdown
«Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын
сервистік орталықтарының тізбесіне қосу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Функционалдық өзара әрекетестік диаграммасы
Toggle Dropdown
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ХҚО қызметкері | Уәкілетті органның кеңсесі | Уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары | Уәкілетті органның басқарма бастығы | Уәкілетті органның маманы |
Toggle Dropdown