«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 29.01.2016 жылғы № 40 Қаулысына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып белгіленсін.
2. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының жұмыс істеуін жүзеге асырады. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналары бойынша ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шаралар бірлескен құпия жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпаратты қорғау бойынша) жұмыстарын орындау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы қызметті реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |