• Мое избранное
"2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі N 396 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6357 болып енгізілді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6326 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 289 – 290 (26134) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010/2011 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
 
5В010800 Денешынықтыру және спорт 60 20 10 10 40 25 15
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
5В010800 Денешынықтыру және спорт 70 30 20 10 40 25 15
 
5В011200 Химия 30 30 15 15


деген жол алынып тасталсын;
 
5В011300 Биология 20 20 15 5


деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
5В011300 Биология 30 30 15 15


 
5В011600 География 30 20 10 10 30 20 10
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
5В011600 География 60 15 15 10 30 20 10
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыру кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескерсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің         міндетін атқарушы                          М. Сарыбеков