Toggle Dropdown
1
Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 24.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесі;
Toggle Dropdown
2) Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесі
Toggle Dropdown
1. Көп қоректі зиянкестер:
Toggle Dropdown
1) саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты);
Toggle Dropdown
2) шалғын көбелегі.
Toggle Dropdown
2. Бидай зиянкестері:
Toggle Dropdown
бидай трипсі.
Toggle Dropdown
3. Күріш зиянкестері:
Toggle Dropdown
жағалау шыбыны.
Toggle Dropdown
4. Мақта, жүгері зиянкестері:
Toggle Dropdown
карадрина.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы » 2005 жылғы 8 шілдедегі және «Өсімдіктерді қорғау туралы » 2002 жылғы 3 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - жергілікті орган) тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен облыстық (Астана және Алматы қалалары) бюджеттік бағдарлама шеңберінде зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орталық) алдыңғы жылы жүргізген жазғы-күзгі зерттеулер негізінде растайтын тиісті облыс (Астана және Алматы қалалары) аумағында зиянды организмдер бойынша болжанып отырған өңдеу көлемі зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама енгізуге негізгі өлшем болып табылады. Зиянды организмдер бойынша өңдеу көлемін болжау үшін қызметі ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге байланысты жеке және заңды тұлғалардың да (бұдан әрі - субъектілер) мониторингілік іс-шаралар деректері ескеріледі.
Toggle Dropdown
4. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған бюджет қаражаты зиянды организмдермен экономикалық зияндылық шегінен (бұдан әрі - ЭЗШ) жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналады.
Toggle Dropdown
Зиянды организмдермен мекенделуді зерттеуді субъектілер, ал босалқы жерлерде орталық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін Ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді есептеу және анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға (бұдан әрі - әдістемелік нұсқаулықтар) сәйкес жүргізеді. Химиялық өңдеуге жататын алқап ЭЗШ-нің мына көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады:
Toggle Dropdown
саяқ шегіртке тұқымдастар - 1 шаршы метрге 8-10 екі-үш жасар дернәсіл;
Toggle Dropdown
шалғын көбелегі - көктемде өскінде және жас өсімдіктерде - 1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт, ал жазда - 1 шаршы метрге 20-дан астам жұлдызқұрт;
Toggle Dropdown
бидай трипсі - түтіктену-масақтанудың бас кезеңінде - бір сабаққа 10 трипс имагосы, дәнектің қалыптасуы кезеңінде - бір масаққа 45-50 дернәсіл;
Toggle Dropdown
жағалау шыбыны - күріш өскінінің 1 шаршы метріне 40 дернәсіл;
Toggle Dropdown
карадрина - 50 пайыздық мекендеу кезінде бір өсімдікке 1-2 жұлдызқұрт немесе 30 пайыздық мекендеу кезінде бір өсімдікке 3 жұлдызқұрт.
Toggle Dropdown
2. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі
іс-шараларды жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
5. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар:
Toggle Dropdown
1) зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөнінде фитосанитариялық мониторинг жүргізуді;
Toggle Dropdown
2) зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды;
Toggle Dropdown
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді;
Toggle Dropdown
4) зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді қамтиды.
Toggle Dropdown
6. Зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторингті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы кезеңінде орталық тұрақты негізде әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды химиялық өңдеулерді жүргізу алдында химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді өнім берушілер (бұдан әрі - өнім берушілер) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді химиялық өңдеулерді жүргізу алдында өнім берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді зиянды организмдердің түрлері бойынша өңдеулердің оңтайлы мерзімдерінде өнім берушілер мекендеу орындарын авиация немесе жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Зиянды организмдерге қарсы күресті әр түрі бойынша жүргізуге арналған бюджет қаражаты орталық беретін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі - ауминспекция) келісілген және облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) бекітетін болжанып отырған өңдеу көлемдері негізінде жоспарланады.
Toggle Dropdown
11. Зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен (улы химикаттармен) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес басқарма жүзеге асырады. Бұл ретте пестицидтерді (улы химикаттарды) сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды және пайдаланылған пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын кәдеге жаратуды өнім берушілер жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13. Зиянды организмдердің, қорғалатын дақылдың және (немесе) екпелердің даму фенологиясын есептеу жөніндегі жүйелік байқаулар негізінде орталықтың филиалдары субъектілерді, әкімдіктерді, облыстық (Астана және Алматы қалалары) және аудандық ауминспекцияларды аумақтарға зерттеу жүргізу қажеттілігі және қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімдері туралы жедел құлақтандыру (сигналдық хабарлау) жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Көктемгі-жазғы зерттеулер кезеңінде өз аумақтарында зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды субъектілер әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады. Босалқы жерлерде зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды орталық филиалдарының мамандары жүргізеді. Тиісті жылы зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған нақты алқап осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу актілерімен (бұдан әрі - зерттеу актісі) расталады.
Toggle Dropdown
15. Мониторингті зерттеу мен фитосанитариялық іс-шараларды бақылауды облыстық (Астана және Алматы қалалары) және аудандық ауминспекциялар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
16. Зерттеу актісіне басқарма бастығының бұйрығымен құрылған мынадай құрамдағы комиссия (бұдан әрі - комиссия): комиссия төрағасы - ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) бастығы (немесе оның орынбасары), комиссия мүшелері - басқарма маманы, бөлім маманы, ауылдық округ әкімдігінің өкілі және субъектінің өкілі зерттеу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қол қояды. Бұл ретте босалқы жерлерді зерттеу кезінде комиссия құрамына орталықтың және жер қатынастары саласындағы жергілікті уәкілетті органның өкілдері енгізіледі.
Toggle Dropdown
17. Химиялық өңдеулердің биологиялық тиімділігі айқындалғаннан кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі (бұдан әрі - бағалау актісі) жасалады. Бағалау актісі бес данада жасалып, оған комиссия мен субъектінің өкілі бес жұмыс күні ішінде қол қояды және олардың әрқайсысының бірдей заң күші бар. Бұл ретте бір данасы облыстық (Астана және Алматы қалалары) ауминспекцияға, біреуі - өнім берушіге, біреуі - басқармаға, біреуі - бөлімге, біреуі - субъектіге беріледі.
Toggle Dropdown
18. Бағалау актілерінің көшірмелерін өнім берушілер оларға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқармаға береді.
Toggle Dropdown
19. Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізуге арналған бюджет қаражатын төлеу осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген қызметтер актісінің (бұдан әрі - көрсетілген қызметтер актісі) негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген қызметтер актісі бағалау актісі негізінде жасалады және оған басқарма бастығы мен өнім беруші бес жұмыс күні ішінде қол қояды.
Toggle Dropdown
20. Тиесілі сомаларды өнім берушілердің ағымдағы шоттарына аудару төлемдер бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалары) бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес көрсетілген қызметтер актісін ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
21. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілетін құжаттарда көрсетілген деректердің шынайылығы үшін жауап береді.
Toggle Dropdown
22. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Toggle Dropdown
Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Зерттеу актісі
Toggle Dropdown
___________________________ 20__ жылғы «__»___________ №_____
Toggle Dropdown
(акт жасалған орын)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________ құрылған
Toggle Dropdown
(кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні мен нөмірі көрсетілсін)
Toggle Dropdown
мынадай құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы, _________________________________________________,
Toggle Dropdown
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері: _________________________________________________,
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
сондай-ақ шаруашылық өкілі* ________________________________________,
Toggle Dropdown
(шаруашылықтың атауы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
төмендегідей туралы осы Актіні жасады.
Toggle Dropdown
| Ауылдық округтің атауы |
Зиянды организмнің атауы |
Зерттелген алқап, га |
Мекенделген және (немесе) залалданған алқап, га |
Өңделуі тиіс, га |
| барлығы |
экономикалық зияндылық шегінен жоғары |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
| |
|
|
|
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
Субъектінің өкілі* _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Ескертпе: * - босалқы жерлерді зерттеу кезінде орталықтың өкілі мен жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның өкілі қол қояды
Toggle Dropdown
Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген
қызметтерді бағалау актісі
Toggle Dropdown
___________________________ 20__ жылғы «__»___________ №_____
Toggle Dropdown
(акт жасалған орын)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________ құрылған
Toggle Dropdown
(кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні мен нөмірі көрсетілсін)
Toggle Dropdown
мынадай құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы, _________________________________________________,
Toggle Dropdown
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері: _________________________________________________,
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________,
Toggle Dropdown
сондай-ақ Өнім беруші ______________________________________________,
Toggle Dropdown
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Өнім беруші 20__ жылғы «__»__________________ №______ Шартқа сәйкес
Toggle Dropdown
_____________________________ жерлерде ______________________________
Toggle Dropdown
(жерлердің санаты) (аудан атауы)
Toggle Dropdown
__________________________ қарсы _______(___________________________)
Toggle Dropdown
(зиянды организмнің атауы)
Toggle Dropdown
гектар алқапта 1 гектарына ________ теңге бағамен____(______________)
Toggle Dropdown
теңге сомасына химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсеткендігі
Toggle Dropdown
туралы қорытынды жасады.
Toggle Dropdown
| Ауылдық округтің атауы |
Қолданылатын пестицид (сауда атауы) |
Шығыс нормасы, л/га, кг/га |
Саны, л, кг |
Өңдеу алқабы, га |
Қызметтер көрсетілген мерзімдер |
Биологиялық тиімділігі, % |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
| |
|
|
|
|
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылықтар болған
Toggle Dropdown
жағдайда - көрсетілсін) _________________________________________
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
Қызметтерді көрсетушіден _____________________________
Toggle Dropdown
(қолы, Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген
қызметтер актісі
Toggle Dropdown
___________________________ 20__ жылғы «__»___________ №_____
Toggle Dropdown
(акт жасалған орын)
Toggle Dropdown
______________ облысы әкімдігінің 20__ «__»_____________ №_____
Toggle Dropdown
қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережеге сәйкес ________________
Toggle Dropdown
облысы ауыл шаруашылығы басқармасы атынан Бастық, Тапсырыс беруші
Toggle Dropdown
және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын Жарғы (20__ жылғы «__»_______
Toggle Dropdown
№____ сенімхат) негізінде қызмет ететін _____________________________
Toggle Dropdown
(Өнім берушінің толық атауы)
Toggle Dropdown
атынан _____________________ төменде келтірілген Зиянды организмдерге
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген қызметтерді бағалау
Toggle Dropdown
актілеріне сәйкес __________________ ауданында(дарында) төмендегідей
Toggle Dropdown
туралы осы Актіні жасады.
Toggle Dropdown
Өнім беруші мен Тапсырыс беруші арасында жасалған 20__ жылғы
Toggle Dropdown
«__»______ №__ шартқа сәйкес ол мынадай сипаттағы қызметтер көрсетті:
Toggle Dropdown
| Көрсетілген қызметтерді бағалау актілерінің № |
Аудан, ауылдық округ |
Акт бекітілген күн |
Көрсетілген қызметтер көлемі, га |
1 га өңдеу бағасы, теңге |
Актілер бойынша сома, теңге |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
| |
|
|
|
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Барлығы _________(________________) га алқапта жалпы сомасы
Toggle Dropdown
_________(____________________________) теңгеге қызметтер көрсетілді.
Toggle Dropdown
Қызметтер толық көлемде Шартта айтылған мерзімдерде көрсетілді және талап етілетін сапа көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылықтар болған жағдайда — көрсетілсін)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
1. Көрсетілген қызметтердің жалпы құны ___________________
Toggle Dropdown
2. Аванс сомасы ___________________
Toggle Dropdown
3. Алдында актіленген сомалар ___________________
Toggle Dropdown
4. Төленуге тиісті _________________ (_________________) теңге.
Toggle Dropdown
Басқарма үшін Өнім беруші үшін
Toggle Dropdown
_______________ Т.А.Ә. _______________ Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
М.О. М.О.