• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 797 қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 Қаулысымен.
"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрi 20-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"20. "SUPERSCHWACKE"   "Евротакс"   Еуропа елдерiнiң 8702,   автомобиль каталогы    фирмасы,     аумағынан әкелiнетiн 8703 
                Германия     автокөлiк құралдары* 
*8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген шығарылған жылын негiзге ала отырып, есептелген 5 жылдан аспайтын пайдалану мерзiмiмен".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi