1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін.
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1124 Қаулысы
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. "Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 1075 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1124 қаулысымен бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Ереже Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жүйелендіру;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттік тіркелімде қамтылған мәліметтер туралы хабардар ету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету;
4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасуды ұйымдастыру үшін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге ақпарат ұсыну.
3. Депозитарийді жүргізу сатып алған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленуші оны жоғалтқан жағдайда алмастыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік тіркелімді жүргізуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қамтамасыз етеді және ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) жүзеге асырады.
5. Депозитарийді жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ұлттық оператор жүзеге асырады.
6. Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қол жетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін, олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
7. Ұлттық оператор депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.
8. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың есепке алынуын және тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, осы мәліметтерді кейіннен жаңарта отырып енгізуді қамтиды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |