• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1124 Қаулысы
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. "Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 1075 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 21 қарашадағы
 N 1124 қаулысымен
 бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 
Ереже Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады: 
1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жүйелендіру; 
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттік тіркелімде қамтылған мәліметтер туралы хабардар ету; 
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету; 
4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасуды ұйымдастыру үшін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге ақпарат ұсыну.
3. Депозитарийді жүргізу сатып алған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленуші оны жоғалтқан жағдайда алмастыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік тіркелімді жүргізуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қамтамасыз етеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) жүзеге асырады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2009 № 1742 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5. Депозитарийді жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2009 № 1742 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
6. Уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қол жетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін, олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2009 № 1742 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
7. Уәкілетті ұйым депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2009 № 1742 Қаулысымен (21.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
8. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың есепке алынуын және тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, осы мәліметтерді кейіннен жаңарта отырып енгізуді қамтиды.
10. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен уәкілетті орган  бекіткен нысандар бойынша жіберетін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімнің (бұдан әрі - тіркеу өтінімі) негізінде жүргізіледі.
11. Жеке мемлекеттік емес қаражаттың есебінен әзірленген және құрылған электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер осы ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша Мемлекеттік тіркелімге тіркеледі. Мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жаңалау (өзекті ету) көрсетілген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
12. Қол жетімділігі шектелген ақпаратты құрайтын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтау және пайдалану шарттарын сақтай отырып, Мемлекеттік тіркелімде тіркелуге жатады.
13. Тіркеуден өту кезінде электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісінің қолы қойылған және куәландырылған тіркеу өтінімінің түпнұсқасын әрі қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тиісті көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.
14. Уәкілетті орган тіркеу өтінімдерін алған сәтінен бастап он бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен толтырылу дұрыстығын тексереді.
15. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеуді жүргізеді және тіркеу нөмірін меншіктеп береді.